QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабының қызметі аясында инженерлер, техниктер және өнеркәсіптік кәсіпорындардың мамандары үшін біліктілікті арттыру курсы өткізіледі.
Өндірістік процестерге өнеркәсіптік роботтар мен мехатрондық жүйелерді енгізу принциптерін, технологиялары мен әдістерін зерделеу үшін қажетті кәсіби құзыреттерді жаңартуға және практикалық дағдыларды игеруге бағытталған.
Курс мақсаты: инженерлік-техникалық кадрлардың біліктілігін арттыру және өнеркәсіпті технологиялық трансформациялау жағдайында тиімді жұмыс істеу үшін құзыреттерді дамыту.
Оқу ұзақтығы: 72 академиялық сағат.
Өту кезеңі: 2025 жылғы 1–12 желтоқсан.
Оқу тілі: орысша.
Оқу формасы: күндізгі (практикалық сабақтар мен кейс-талдау элементтерімен).
Тақырыптар:
— өнеркәсіптік робототехника мен мехатроникаға кіріспе;
— робототехникалық жүйелердің құрамы мен архитектурасы;
— мехатроникалық жүйелерді өндіріске біріктіру;
— роботтарды бағдарламалау және баптау.
Курс тренері: «Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасының аға оқытушысы Куралай Тохметова.
Тіркелу: qartech.kstu.kz (26.11.2025 ж. сағат 13:00 дейін)
Жауапты үйлестіруші: Нурлан Алтынбеков, +7 777 215 4380
#QarTech #QarTechHub