«Не? Қайда? Қашан» атты зияткерлік ойыны


2018 жылдың 6-желтоқсанында Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті аймақтық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсемен бірлесе отырып, Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау мақсатында «Не? Қайда? Қашан» атты зияткерлік ойын ұйымдастырды.

Іс шараға  Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, ҚММУ, Қазтұтынуодағы КЭУ, «Болашақ» Академиясының және ҚарМТУ командалары қатысты.

Ойынның мақсаты – студент жастардың зияткерлік және мәдени деңгейін арттыру, зияткерлік әрекеттің нысандарын насихаттау, студенттерінің өзара байланысын нығайту және өзара байланыстыру үшін жағдай жасау.

Әділқазылар алқасы құрамын Қарағанды облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жобалық кеңсенің менеджері Санаубаева Дана Сериковна, «Не? Қайда? Қашан» қалалық клубының жетекшісі Литвинас Алексей Арвидович, Қарағанды қаласының Жастар мәслихатының кураторы, Қарағанды қ. Жастар ресурстық орталығының маманы Фрибус Алёна Алексеевна құрады.

Ойынның екі кезеңінің қорытындысы бойынша жеңісті ҚарМТУ командасы иеленді. Екінші орынды Қазтұтынуодағы КЭУ мен «Болашақ» Академиясының командалары бөлісті. 3-орынды Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ командасы иеленді. «Үздік ойыншы» номинациясын ҚММУ студенті Авазов Арсланбек иеленді. Жеңімпаздар мадақтама қағаздарымен және іс шара демеушілері: «Kinoplexx Karaganda» кинотеатры,  «DITA» сұлулық салоны, «Outfit» ерлер киімі дүкенінің сыйлықтарымен марапатталды.

Без рубрики