«Химия және химиялық технология» кафедрасы


 


Кафедра мақсаты — химия, мұнай-газ саласы, металлургия, байыту фабрикалары, ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелері, колледждер мен жоғары оқу орындары үшін оқуды бітіргеннен кейін бірден өндірістік циклге қосылуға дайын жоғары білікті және сұранысқа ие кадрларды даярлау және шығару.

Кафедраның міндеті өндірістің, ғылым мен техниканың әлемдік стандарттарға сәйкес келетін қазіргі заманғы талаптары деңгейінде жаңа технологияларды қолдана отырып сапалы білім беруді қамтамасыз ету.

Кафедра «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Биотехнология», «пайдалы қазбаларды байыту» білім беру бағдарламаларының басым бағыттары бойынша бакалаврларды, магистранттарды, бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлауды жүзеге асырады. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» магистратурасының бағыты бойынша «Томск ұлттық зерттеу политехникалық университеті»ЖБМАБФ серіктес ЖОО-мен (Ресей, Томск қ.) екі дипломды білім беру бағдарламасын іске асырады. Магистрлік диссертациялардың шетелдік ғылыми кеңесшісі ретінде шетелдік ғалымдар тартылады.

Кафедра бітірушілермен қатар «Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ» КЕАҚ барлық мамандықтарының студенттеріне жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша «Химия» және «Биотехнология» пәндері бойынша сабақтар жүргізеді.

Facebook

Instagram

Без рубрики