Назарбаев Университетінің ғалымдары Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттеріне «Мехатроника және робототехника» бағыты бойынша оқыту бағдарламасын дайындайды


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Назарбаев университетінің жетекші ғалымдары- мехатроника және робототехника кафедрасының доценттері Tohid Alizadeh және Ниеткалиев Айбек жұмыс сапарымен болды.

Сапардың негізгі мақсаты – Назарбаев Университетінің білім беру бағдарламасы бойынша «Мехатроника және робототехника» бағыты бойынша біздің ЖОО студенттері үшін оқыту бағдарламасын дайындау.

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ өндірістік процестерді автоматтандыру кафедрасында «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге 2-курс аяқталғаннан кейін «Технологиялық процестерді автоматтандыру» және «Мехатроника және робототехника» деген екі траектория таңдалады.

Бүгінгі таңда робототехника мен мехатроника – Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқан және сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Назарбаев университеті еліміздегі болашақ робототехниктерді дайындайтын бірнеше жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Мамандық ұлдар мен қыздар арасында танымал бола бастады және жыл сайын осы мамандыққа түсушілер саны артып келеді.

Бұл тұрғыда біздің ЖОО мен Назарбаев университетінің ынтымақтастығының болашағы зор болып көрінеді. Кездесу барысында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.М.Темербаева осы ынтымақтастықтың маңыздылығын және Назарбаев университеті профессорларының халықаралық тәжірибесін және біздің өңірде «Мехатроника және робототехника» бағыты бойынша кадрлар даярлау шеңберінде ең жақсы нәтиже беруге көмектесетінін атап өтті.

Без рубрики