ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Ғылым комитеті ғылыми жұмыстарды 2015-2017 жылдарға гранттық қаржыландыруға байқау өтетінін хабарлайды, қаржыландырудың жалпы көлемі 19 млрд. тенгені құрайды.
Байқау келесі бағыттарда өткізіледі:
- Ғылым дамуының басымдылығы бойынша іргелі ғылыми зерттеулер;
- Жылдамдатылған индустриальді- инновациялық даму басымдылығы бойынша қолданбалы зерттулер мен талдамалардың дамуы;
- Ұлттық компаниялардың немесе нақты сектордың , сонымен қатар, мәлімдеушінің немесе 25% қатысу үлесі бар бизнес- серіктестің қаржысы жұмылдырылған қолданбалы ғылыми зерттеулер;
- Шетелдік ғалымдар жұмылдырылған (сонымен қатар, жобаның жетекшілерінің бірі ретінде) қолданбалы ғылыми зерттеулер.
Өтініштерді беру мерзімі 2014 жылдың 19-шы қыркүйегіне дейін
Толық ақпаратты Ғылым департаментінен алуға болады (бас ғимарат, 226 б., нөм: 56-68-22, ішкі нөм: 22-26)