Назар аударыңыз!! Skills UP жастар хакатоны!


Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы Ұлттық білім аптасын 2022 іске қосады, оның шеңберінде Skills UP жастар хакатоны өткізіледі.

Жобаға онлайн форматтағы білім беру интенсиві, төрт өңірдегі іріктеу хакатондары кіреді. Финалға дайын шешімдері бар үздік топтар шығады – әр өңірден үш команда.

Байқаудың басты мақсаты – 21 ғасыр дағдылары мен құзыреттері туралы хабардар ету, жастарды шығармашылық және технологиялық дағдыларын жетілдіруге ынталандыру.

Шараға 16 мен 29 жас аралығындағы студенттер қатыса алады. Байқау 3 кезеңнен тұрады:

  • Skills UP онлайн білім беру интенсивін өткізу (қазақ және орыс тілдерінде). Оқыту 17.10.2022 ж. басталады.
  • төрт аймақтық Skills UP хакатоны. Жарыс Қарағанды қаласында да өтеді.
  • Алматыда Demo Day байқауының финалдық кезеңі өтеді. Облыстық жарыстарда жеңіске жеткен командалардың жол жүру және тұруын ұйымдастыру ұйымдастырушылардың қаражаты есебінен жүргізіледі.

Байқауға қатысу үшін төмендегі сілтеме арқылы ағымдағы аптаның соңына дейін тіркелу қажет. Барлық қосымша ақпаратты және командаларды тіркеу https://most.com.kz/skillsup сайтынан таба аласыздар.

 

Без рубрики