«Наурыз- ұлыстың ұлы күні» атты кураторлық шеберлік сабақ өткізді


11.03.2019 ж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Тау-кен факультетінің КА және ЕҚ кафедрасының кураторы Акылтаев А.К. БЖД-18-1 тобында «Наурыз- ұлыстың ұлы күні» атты кураторлық шеберлік сабақ өткізді.

Шеберлік сабаққа 17 студент, кафедра оқытушылары қатысты.

Топ студенті Ғаббасава Аида Наурыз мерекесі жайлы слайд бойынша мәліметтермен таныстырды, оның ішінде шығу тарихы, ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар жайлы терең мағыналы мағлұматтар берілді. Сонымен қатар ұлттық киімдер де көрсетілді.  Келесі кезекте топ студенті Даутұлы Исмайыл «Адай» күйін тарту етті. Ұлттық ойындар бойынша Аханов Нұрбек бейне — баяндама даярлап, экранда көрсетілді, оның артынан Абдин Ертай ойындар жайлы толық мағыналы мәлімет берді. Осы баяндамадан сон көрермендердің қызығылушылығын ояту үшін  Қаратаев Мағжан топ студенттер арасында қол тірестіру ойынын өткізді және де көрермендерге қазақтың ұлттық тағамы «Наурыз көже» ұсынылды.

  Шеберлік сағатқа барлық студенттер қатысты. Студенттер наурыз мейрамына байланысты тарихи және ресми деректерге тоқталып, тақырыптың негізгі мақсаттарын, маңыздылығын слайд-презентацияда көрсетіп және баяндама жасады. Содан сон екі топ «Төле би» ауылы және  «Қазыбек би» ауылы  өздеріне берген тапсырмаларын орындап таныстырып шықты. Тақырыпты бекіту бойынша әрбір сұраққа жауап беріп өз ойларын толықтырып кетті. Шеберлік сағатқа Тунгышбаева А.Т. тау-кен факультеті тәрбиелік жұмыс бойынша деканның орынбасары, ақсақалдар кеңесінің мүшесі Шарипов Н.Х., КА және ЕҚ кафедрасының т.ғ.к.профессоры Медеубаев Н.А., патриоттық тәрбие беру ҒЗИ директоры Кударинова Г.С., КА және ЕҚ кафедрасының аға оқытушы НародханД. және КА және ЕҚ кафедрасының ассистенті Сакитаева К.К.  қатысты.

 

Без рубрики