Жол-көлік факультеті
Жол-көлік факультетінің ғылыми қызметі кафедралар бейінділігіне сәйкес келетін бағыттар бойынша іске асырылады.
ЖКФ кафедраларының ғылыми бағыттары:
— «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасы келесі бағыттар бойынша жұмыс істеуде:
- «Мобильді жол өтпесі құрылымын жасау».
Мобильді жол өтпесінің 3D схемасы
- «Өңделген май және микрокремнизем өндірісінің қалдықтарымен гидрофобизациялау салдарынан доменді және басқада металлургиялық қождардың сапасын арттыру».
Фрезаның 3D-үлгісі Синтетикалық сымдарымен
жабдықталған фреза
- «Ендіру кезінде материалдың 40% үнемдейтін саңылау іргетастарының құрылысы».
- «Ультрадыбыстық генераторлары бар автомобильдердің бөлінетін газдарды тазалау жүйесін әзірлеу».
- «ҚР логистикалық көлік жүйелері».
- «Карьерлі автосамосвалдар жұмысының тиімділігін арттыру және техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйелерін әзірлеу жолдарымен оларды жөндеу кезіндегі тоқтап тұруларды азайту.
— «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасы 4 бағыт бойынша жұмыс істейді:
- «Ашық тау-кен жұмыстарын жүргізу үшін желілік қозғалыстағы шұғыл көлбеу конвейерді зерттеу және өңдеу».
- «Локомотивтерді басқару режимін оңтайландыру жүйесін зерттеу және өңдеу (өнеркәсіптік кәсіпорындарда)».
- «Пайдалану жағдайларының ерекшеліктерін ескере отырып Автомобиль сенімділігін арттыру».
- «Жер асты өздігінен жүретін машиналарда бөлінетін газдарды оқшаулау жүйесін әзірлеу және зерттеу».
Профессорлық-оқытушылық құрам, докторанттар, магистранттар және студенттер ғылыми конференциялар, форумдар, үйірмелер және олимпиадаларда жүлделі орындарды иемденіп белсенді қатысады. Жол-көлік факультетінің кафедраларында студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді. Жыл сайын студенттер ғылыми тақырыптар бойынша дипломдық жұмыстар орындайды. Магистранттар мен докторанттар диссертацияларын орындау барысында ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстарын өндірістік кәсіпорындарда өткізеді.
2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін 6D071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша 6 докторлық (PhD) диссертациялық жұмыстар қорғалды.
Ғылыми зерттеулері бойынша магистранттар мен докторанттар жақын және алыс шет елдердің жетекші университеттері мен ғылыми мекемелерінде стажировка өтуде. Олар – Германия, АҚШ, Қытай, Словакия, Ресей Федерациясы және т.б.
Кафедра «Жол-құрылыс машиналары» кафедрасы, Қазан мемлекеттік сәулет құрылыс университеті (Қазан қ., РФ)
Оқу және ғылыми сипаттағы мәселелер бойынша кафедралар Корпоративті Университет кәсіпорындарына үнемі іскерлік кездесулер жүргізеді.
Факультет кафедраларының ғылыми жұмыстары:
«Көлік техникасы және логистикалық жүйелер»