Ұлттық құндылықтар – дін атын жамылған экстремизмге қарсы құралдың негізі және зайырлылық ұғымының мәні


Терроризмнің, экстремистік көріністердің және деструктивті діни ағымдардың студенттік ортада ықпал етуін алдын алу мақсатында 2019 жылдың 7 қарашасында ҚарМТУ-нің ҚХА және ӘГП оқытушылары «Ұлттық құндылықтар – дін атын жамылған экстремизмге қарсы құралдың негізі және зайырлылық ұғымының мәні» атты тақырыпта ақпараттық кездесу өткізді.

«Конфессияаралық қатынастарды зерттеу және талдау орталығы» КММ директоры Саматаев Руслан Айдарұлына студенттер белсенді түрде қазіргі Қазақстандағы экстремистік көріністерге, сондай-ақ деструктивті діни ағымдарға қарсы күрестің өзекті мәселелеріне қатысты сұрақтарын қойды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дінтану сараптамалары орталығының бөлім меңгерушісі Ахан Жарас Иебергенұлы өз сөзінде Абай мен Шәкәрімнің шығармалырындағы білім, гуманизм, өзін-өзі тану мәселелеріне қатысты көзқарастарына тоқталды.

Рухани адамгершілікке тәрбиелеу бойынша Кеңес төрағасының орынбасары Түсіпбеков Жарқын Амантайұлы студенттерге интернеттегі әрекеттері үшін жауаптылық туралы ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабын жеткізді.

Жиынды модератор Мусаева Жайдара Толеубаевна қорытындылады.

 

 

 

Без рубрики