📍Бүгін, 29 қаңтар 2025 жылы, 2 және 3 курс студенттерімен кездесу ашып, колледж директоры Нурбиби Абсадыковна сөз сөйлеп, нашақорлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударды.
📌Ол студенттерге қоғамда белсенді әрі жауапты азамат болып қалыптасудың маңыздылығын түсіндірді. Кейін полицияның аға лейтенанты Муханова А.Е. ОМПС МӨБ УПИ орталығының маманы есірткі таратудағы «закладкалар» мәселесін талқылады.
🖇️Анастасия Ергалиевна жастарды бұл қауіпті бизнеске тарту тәуекелдері туралы айтып, осындай құқық бұзушылықтарға қарсы сақ болудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, жалпы профилактика мен құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбы бойынша профилактикалық шаралардың қажеттілігі туралы да сөз қозғалды. Шара барысында нашақорлықтың қоғамға және жеке өмірге келтіретін зиянды әсері де талқыланды.