ҚарМТУ Сұлтаны мен Сұлуы 2019


2019 жылдың 13 сәуір күні К.С. Станиславский атындағы орыс драма театрында «ҚарМТУ Сұлтаны мен Сұлуы 2019» сайысының финалы өтті.

Аталмыш іс шара жастар Жылы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»  ғашықтар күніне орай өткізілді.

Финалда 7 жұп келесі сайыстарда өнер көрсетті: таныстыру, ұлттық киімдерде  дефиле, зияткерлік сайыс және таланттар сайысы.

Қатысушыларды құзыретті қазылар алқасы бағалады.

Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар мен демеушілердің атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сайыстың жеңімпаздары:

Сайыстың нәтижесі бойынша «ҚарМТУ Сұлтаны» титул иегері Қобыланды Аслан (ЭАТФ), ал «ҚарМТУ Сұлуы» атағын Штенгер Валерия (ИЭМФ) иеленді.

Сонымен қоса жүлделі орындарды жеңіп алғандар:

«ҚарМТУ Сұлтаны 2019 — 1 орын» Ботпай Доскей (ЭАТФ); 
«ҚарМТУ Сұлуы 2019 — 1 орын» Аманбекова Арайлым (ЭАТФ); 
«ҚарМТУ Сұлтаны 2019 — 2 орын» Сағындық Марлен (ТКФ); 
«ҚарМТУ Сұлуы 2019 — 2 орын» Әміртай Сабина (СҚФ). 

Онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша «Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша Ботпай Доскей (ЭАТФ) және Шаянбаева Азине (ЭАТФ) жеңімпаз атанды.

Без рубрики