Жоғарғы оқу орындары арасындағы Алтын Орданың 750 жылдығына арналған«Алтын Орда: мемлекеттің даму тарихы мен мәдени мұрасы»атты  ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстелінің Есебі 


«Рухани Жағыры» бағдарламасының мақсаттарын іске асыру аясында 30.10.2019 ж. Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университетінде, Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен жоғарғы оқу орындары арасындағы Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойына арналған: «Алтын Орда: мемлекеттің даму тарихы және мәдени мұрасы» атты ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстелге Қарағанды ​​облысының тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшысы Т.С. Тулеуов; Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ ғалымдары: Бейсенбекова Н.А. т.ғ.к., доцент, «Тұлғатану» ҒЗО-ның директоры; Б.Т. Тулеуова  —  Дүниежүзілік тарих және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент;  Л.К. Шотбакова  т.ғ.к., доценті, Г.М.  Смагулова  — т.ғ.к., доцент; Е.А. Букетова атындағы ҚарМУ тарих факультетінің 4 курс студенті, Ұлытау өніріне республикалық экспедиция мүшесіТобылов Әділ, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылар құрамы, «РЭТ», «ТЭ», «СИБ», «ИТМ» 1-курс студенттері қатысты.Дөңгелек үстелдің ашылуында қонақтар мен іс-шараға қатысушылар құттықтау сөзбен Инновациялық технологиялар факультетінің деканы, п.ғ.к., доценті Г.Е. Самашова; Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, фс..ғ.к.А.С. Сағатова.Дөңгелек үстел ИТФ бірінші курс студенттері Н.Айнабекова, Н. Ғибадатқызының орындауында ұлы қазақ композиторы, классикалық домбыра музыкасының негізін қалаушысы Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» шығармасымен ашылды.ҚарМТУ кітапханасының қызметкерлері қонақтар мен дөңгелек үстелге қатысушыларды қызықтыратын кең тақырыптық кітап көрмесін дайындады.Студент жастарының адамгершілік қалыптастыру процесінің басты мақсаты — жалпыадамзаттық құндылықтарды оқу процесі арқылы жандандыру.Дөңгелек үстел соңында қабылданған резолюцияда, тақырыптың өзектілігі зерттеушілер мен қоғамның, қазақстандық мәдениетке, ғылым және рухани өмір тарихына деген қызығушылығының артуын атап өтеді.Студенттерге тарихи дүниетаным мен патриоттық тәрбие беру мақсатында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет.

 

 

Без рубрики