«Жаман дос – көлеңке: Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың; Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың». Бұл көрнекті қазақ ойшылы, ақын және философ Абай Құнанбаевтың сөздерінің бірі ғана. Оның «Қара сөздері» даналық ойдың терең қазынасы, оның негізінде қазақстандықтар үшін ғана емес, барша адамзат үшін тұтас әлеуметтік-этикалық кодекс жасауға болар еді.
Бүгін, 10 тамызда Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толып отыр. Оның аты жақын және алыс шетелдерде жақсы мәлім. Ақынның ойлары мен идеялары ұлтына қарамастан әр адамның жүрегінде мәңгі өлмес жаңғырық тудырады.
Абай шығармашылығы – әлемдік мәдениеттің игілігі. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің сан мыңдаған ұжымын, серіктестер мен түлектерін, оқуға енді түсіп жатқан білім алушы студенттер, магистранттар мен докторанттарын қазақтың ұлы ақыны, әрі ойшылының мерейтойлық күнімен құттықтай отырып, баршаңызға оның рухани мұрасын ұқыпты сақтауға және ұлғайта берулеріңізге тілектестік білдіреміз. Ол бізді адамдық пен ізгі жетістіктерге, салихалы білім алып, ұлтқа адал қыхмет етуге рухтандыра берсін!