МЕРЕЙТОЙМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


Ария Қарғұлқызы Жарылқасынова – «Кәсіпорындағы экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, Рухани-адамгершілік тәрбие жөніндегі Кеңестің мүшесі, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың еңбек сіңірген қызметкері.

Біздің университеттің түлегі. ЖОО-да 43 жылдан астам уақыт еңбек етеді.

Марапаттары: ҚР Білім және ғылым Министрінің алғыс хатымен; Қарағанды облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталған, университет басшылығының көптеген марапаттары бар. 

Құрметті Ария Қарғұлқызын мерейтойымен құттықтаймыз және ұзақ өмір, денсаулық, бақыт, жұмыста табыс тілейміз!

Без рубрики