МЕРЕЙТОЙМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


Исағұлов Аристотель Зейноллаұлы — техника ғылымдарының докторы, профессор, «Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ» КеАҚ атқарушы директоры.

ҚарПТИ түлегі. Жоғары оқу орнында 43 жыл еңбек етіп келеді, жұмыс өтілі – 43 жыл.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 7 мемлекеттік мерейтойлық медальмен және ҚР Президентінің 4 алғыс хатымен, ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының А. Байтұрсынұлы атындағы  орденімен, үш дәрежелі «Еңбек даңқы», «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚР құрметті металлургы», «ҚР Құрметті машина жасаушысы», «ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін», «Ы. Алтынсарин» төс белгілерімен марапатталды.

Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Еуропалық жоғары оқу орны оқытушысы», «ҚР еңбек сіңірген өнертапқышы», «ҚР Үздік инженері», «ҚР үздік ғылыми қызметкері» атақтарының иегері, «Алтын Гефест» ұлттық байқауының бірнеше дүркін жеңімпазы болып табылады.

Құрметті Аристотель Зейноллаұлын мерейтойымен құттықтаймыз және оған ұзақ өмір, зор денсаулық, бақыт, жұмыста табыс тілейміз!

Без рубрики