Мемлекеттік тілді оқыту курстары ұйымдастырылды


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің басшылығы Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасымен бірлесе отырып, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша үш айлық тегін мемлекеттік тілді оқыту курсын өткізуде.

Курс «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының базасында жүзеге асырылады (кафедра меңгерушісі-ф.ғ. к., доцент Қалыбекова Қ. С.).

Курс жүргізушісі – М. Д. Бабашева, Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы.

Курстар PhD докторантураға түсушілерге арналған жаңа талаптарға сәйкес мемлекеттік тіл білімін жетілдіру және ҚАЗТЕСТ тапсыруға дайындық мақсатында ұйымдастырылды.

Курсқа университеттің қызметкерлері, оқытушылары, магистрлері тіркеліп, аптасына бес күн білімдерін жетілдіруде. Курс нәтижесінде барлық қатысқан тыңдаушылар емтихан тапсырып, сертификаттар табыс етілетін болады.

Без рубрики