МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТТАРЫН ИЕЛЕНГЕНДЕР ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ


Сонымен, Мемлекеттік білім гранттарын иеленген бақытты иегерлер тізімі жарияланды. Осынау күнді талапкерлер мен олардың жақын-жуықтары асыға күткені айдан анық. Сартап болған сарыуайымның ауылы алыста қалды.  Алда үш-төрт, бәлкім бес жыл тынымсыз білім жиюдың кезегі тұр. Жастар үшін бұл аралық өмірлерінің ең көркем жылдары ретінде есте қалмақ.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне жыл сайын мыңдаған түлектердің ықылас білдіретіні қуантады. QS World University Rankings – 2023 әлемдік рейтинг  қорытындысы бойынша университет жаһанның ең беделді 651+ жоғары оқу орындарының ТОБЫНА кірді. Ал республика көлемінде БСҚТА – 2022 рейтингінің қорытындысы бойынша  ҮЗДІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ деп танылған.

Әрине, талапкер  таңдауы тек осы жоғары жетістіктерге ғана байланысты емес. Ондаған жылдар бойы республикада ғана емес, одан тыс жерлерде де жұмыс істейтін сан маманды даярлаған «политехтің» даңқты тарихы бар екендігі маңызды рөл атқарды. Сондықтан болашақ және қазіргі студенттерге таңданыспен қарауға әбден болатындай. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы да, өзге қаладан келген студенттердің сабақтары мен өмір салты үшін жасалған заманауи жағдайлар да ең жоғары талаптарға сай.

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да білім алуға ниет білдірген талапкерлердің 1200-ге жуығы мемлекеттік білім ГРАНТы иегерлері атанғаны белгілі болып отыр.

Грант иегерлерін, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің табалдырығын аттағалы отырған студенттерді шын жүректен құттықтаймыз. «Қош келдіңіздер!» –  «Welcome to Abylkas Saginov Karaganda Technical University! ».

Без рубрики