Мектептерде, гимназияларда, лицейлерде және колледждерде өткізілетін, жетекші оқытушылардың STEM пәндері бойынша тақырыптық көрмелер мен дәрістер


ҚР БҒМ 2016 жылдың 24 наурызындағы «ҚР жалпы білім беретін мектептердің 9(10) және 11(12) сыныптарының оқушыларына кәсіптік бағдар беру күнін өткізу тәртібі туралы» № 214 бұйрығына сәйкес 02.02.2017 күні ҚарМТУ-дың «КАжЕҚ» кафедрасында Қарағанды облысы, Октябрь ауданы (Пришахтинск) № 25 ЖББОМ мектебінің 11(12) — сынып оқушыларына және ашық есік күні өткізілді.
Іс-шаралар жоспарына кафедраның құрылымымен, оқу білім беру бағдарламаларымен, кафедраның жетекші оқытушыларымен, зертханалар және оқу сыныптарымен танысу енгізілген. Кафедраның қызметі инновациялық құралдар — мультимедиялық презентация және слайдтарды пайдалана отырып ұсынылды. Оқушыларға кафедра қызметі, оның жетістіктері мен дайындау кезінде түлектерді жұмысқа орналастыру, оқу, оқу-әдістемелік материалдар, студенттердің академиялық ұтқырлық және ғылыми жобаларға қатысулары туралы ақпараттар ұсынылды. Сондай-ақ, білім алушыларының алдында сөз сөйлегендер: КАжЕҚ кафедрасының профессоры Шарипов Н.Х., техника ғылымдарының кандидаты Сапарова Г. К., аға оқытушы Жұмабеков М.Н. Доцент Балабас Л. Х., оқытушы РАиОТ Халикова Э. Р. экскурсия өткізді.
Іс-шараның мақсаты — университет студенттері қатарына талапкерлерді көптеп тарту.
11 А, 11Ә сынып жетекшілері Қабиева Т. С. Патцунена. А. ҚарМТУ кафедрасы қызметкерлеріне «кәсіби бағдар беру күнін» өткізгені үшін алғыстарын білдірді.

Таныстыру экскурсиясы жүргізілді, ЖОО және Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы туралы презентациялар көрсетілді.

Экскурсия барысында талапкерлерге ЖОО туралы ақпарат ұсынылды, тарату материалдары берілді.

Қорытындысында ҚарМТУ-ға түскісі келген талапкерлермен одан әрі ынтымақтастық туралы алдын-ала келісімдер жасалды.

Без рубрики