Маркетинг және PR департаменті

Маркетинг және кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімі

Қоғаммен байланыс бөлімі

Департамент директоры

МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ PR ДЕПАРТАМЕНТІ ТУРАЛЫ  ҚАҒИДА 
 


Бөлімнің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

— «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ имиджін ЖОО туралы жаңалықтар ақпаратын жедел басқару жөніндегі ісшаралар кешенін әзірлеу және іске асыру арқылы нығайту;

— «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚтың әр түрлі жұртшылық топтарымен одан әрі «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ газетінде, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ корпоративтік сайтында, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ туралы жаңалықтар, талдамалық және көркем-публицистикалық ақпаратты дайындау арқылы ынтымақтастық атмосферасын құруға жәрдемдесу;

— «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ қызметінің әртүрлі жақтары, оның өкілдері, білім беру, ғылыми, өндірістік және шығармашылық салалардағы жетістіктері туралы ақпараттық-публицистикалық материалдарды, кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жариялау үшін дайындау;

— республикалық, өңірлік баспа БАҚ және ақпараттық агенттіктермен ынтымақтастықты дамыту;

— «За политехнические знания» жалпы университеттік баспа басылымының шығарымы арқылы корпоративтік мәдениетті дамытуға және ішкі коммуникацияларды ұйымдастыруға жәрдемдесу;

— баспа бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланымдар үшін мақалаларды редакциялау;

— мекемелер мен ұйымдардың баспасөз орталықтарымен корпоративтік байланыстарды кеңейту;

— МPRД қызметіне заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде жұмысты ұйымдастырудың жаңа әдістерін енгізу;

— «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ мақсаттарына сәйкес өзге де мәселелерді шешу;

— өз қызметі саласында тәуекелдерді басқару процесін жүзеге асыру, оның ішінде төмендегілер бойынша іс-шараларды жүзеге асыру: •  макроорта факторларының өзгеруіне негізделген тәуекелдерді сәйкестендіру, құжаттау, бағалау және бақылау;

•  тәуекелдерді азайту жөніндегі ағымдағы іс-шаралардың тиімділігін бағалау негізінде немесе ағымдағы іс-шаралар болмаған жағдайда оларды іске асырудың негізгі кезеңдерін және жауапты тұлғаларды нақты көрсете отырып, оларды барынша азайту мақсатында бақылау рәсімдері және тәуекелдерге ден қою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу бойынша ұсыныстарды қоса алғанда, МPRД тәуекелдер мен бақылаудың тіркелімі мен картасын әзірлеу;

•  қажетті ілеспе ақпаратты қоса алғанда, анықталған және іске асырылған тәуекелдер бойынша есептерді ұсыну.