Сәулет-құрылыс факультеті
Сәулет және құрылыс факультетінде мамандарды дайындау көпдеңгейлі жүйедегі кредиттік технология бойынша жүзеге асырылады:
- Бакалавриат
- Магистратура
Осы жылы докторантураны PhD ашу жоспарланып жатыр.
Бакалавриатта дайындау келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі:
- 5В042100-«Дизайн»;
- 5В042000-«Сәулет»;
- 5В073000-«Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру»;
- 5В072900-«Құрылыс»;
- 5В074500-«Транспорт құрылысы».
Магистратурадағы мамандықтар бойынша:
- 6М072900-«Құрылыс»;
- 6М073000-«Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру».
Біздің институтта оқитын студенттерден талап ететін: оқуға деген қызығушылық, жаңа нәрселерді білуге деген ынта, білімді қабылдауға, білуге және дағдылануға ашық болу керек.