«Технологиялық жабдықтар, машинажасау және стандарттау» кафедрасы
Бакалавриат
Оқытудың толық нысаны (оқу мерзімі 4 жыл)
-6В07104 «Машина жасау»;
-6В07104 «Машина жасау (дәнекерлеу)»;
-6В07105 «Машина жасаудағы цифрлік технологиялар»;
-6В07111 «Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)»;
-6В07501 «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)»;
-6В06106 «IT-инжиниринг»;
Оқытудың қысқартылған нысаны (оқу мерзімі 3 жыл)
-6В07104 «Машина жасау»;
-6В07104 «Машина жасау (дәнекерлеу)»;
-6В07111 «Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)»;
-6В07501 «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)»;
Магистратура
(ғылыми-педагогикалық бағыт – оқу мерзімі 2 жыл)
-7М07103 «Машина жасау»;
-7М07501 «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)»;
-7М07109 «Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)».
Докторантура
(ғылыми-педагогикалық бағыт– оқу мерзімі 3 жыл)
-8D07101 «Машина жасау»;
-8D07109 «Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)»
(профильдік бағыт – оқу мерзімі 3 жыл)
-8D07105 «Инновациалық машина жасау»
Бакалавриат
6В07104 «Машина жасау», 6В07104 «Машина жасау (дәнекерлеу)» білім беру бағдарламаларын тәмәмдаған бітірушілер «Техника және технология бакалавры» академиялық дәрежесіне ие болады.
Бітірушілер келесі қызметтерде жұмыс істей алады:
-өндірістер мен бөлімшелердің басшылары;
-прогрессивті технологияларды әзірлеу бойынша инженер-технологтар;
-автоматтандыру құралдарын, құралдардың жаңа конструкцияларын және технологиялық жабдықтарды әзірлеу жөніндегі инженер-жобалаушы;
-машина жасау өндірісінің инновациялық технологияларын құру жөніндегі инженер-зерттеушілер.
6В07111 «Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасын тәмәмдаған бітірушілер «Техника және технология бакалавры» академиялық дәрежесіне ие болады.
Бітірушілер келесі қызметтерде жұмыс істей алады:
-тау-кен машиналары мен жабдықтарының конструкторлары;
-ашық және жерасты тау-кен кәсіпорындарында тау-кен машиналары мен жабдықтарын пайдалану бойынша тау-кен техниктері;
-геологиялық және байыту жабдықтарын жөндеу жөніндегі бас механиктер;
-шетелдік және отандық сервистік ұйымдардағы тау-кен және құрылыс жол машиналарының гидравликалық жабдықтарының ИТР мамандары;
-тау-кен өнеркәсібіне арналған технологиялық жабдықтарды сату жөніндегі менеджерлер;
-технологиялық жабдықтардың сервис-менеджменті бойынша мамандар.
6В07501 «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасын тәмәмдаған бітірушілер «Техника және технология бакалавры» академиялық дәрежесіне ие болады.
Бітірушілер келесі қызметтерде жұмыс істей алады:
— өнеркәсіптік тауарлар мен жаңа техниканы өндіруді, сынауды және пайдалануды метрологиялық қамтамасыз ету инженерлері;
-рекламациялық жұмыс және ақау себептерін талдау саласындағы мамандар;
-метрологиялық сараптама, нормативтік-техникалық базаны дайындау саласындағы мамандар;
-стандарттау,сертификаттау және шығарылатын өнімнің сапасын басқару жөніндегі инженерлер.
6В06106 «IT-инжиниринг» білім беру бағдарламасын тәмәмдаған бітірушілер «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бакалавры» академиялық дәрежесіне ие болады.
Бітірушілер келесі қызметтерде жұмыс істей алады:
— өндірістегі бағдарламашылар;
— Big-data талдаушылары;
— «Интернет заттар (IoT)» мамандары;
— «Индустрия 4.0» саласындағы мамандар;
— өндірісті цифрландыру бойынша мамандар.
Магистратура
7М07103 «Машина жасау», 7М07501 «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)», 7М07109 «Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)» білім беру бағдарламаларын тәмәмдаған бітірушілер «Техника ғылымдарының магистрі» дәрежесіне ие болады.
Докторантура
8D07101 «Машина жасау», 8D07109 «Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)» бағдарламаларын тәмәмдаған бітірушілер «Философия докторы (PhD)» дәрежесіне ие болады, ал 8D07105 «Инновациалық машина жасау» білім беру бағдарламаларын тәмәмдаған бітірушілер «Профиль бойынша докторы» дәрежесіне ие болады.
Кафедраның ғылыми зерттеулері әртүрлі бағыттарда дамиды,олардың негізгілері:
-Өңдеу қиын материалдарды өңдеу технологиялары;
-Қорғаныш нанопленкаларын әзірлеу;
-Арнайы металл кесетін құралдардың конструкцияларын жобалау;
-Бөлшектердің тозуға төзімділігін арттыру;
-Стандарттау және сертификаттау және т.б.
Кафедраның ғылыми зерттеулері өнеркәсіп,машина жасау және медицина саласы үшін де жүргізіледі.