Малайзия технологиялық университетінің ғалымы PhD Mohamad KAMAL A Rahim «Байланыс жүйелері және технологиялары» кафедрасының студенттері мен оқытушыларына семинар өткізді


Халықаралық тәжірибе алмасу білім мен ғылымды дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне жыл сайын әлемдік ғылыми қоғамдастықтағы ғалымның көрсеткіші және беделі болып табылатын Хирш индексі жоғары шетелдік ғалымдарды шақырады. Осындай сапарлардың бірі Малайзия технологиялық университетінің ғалымы PhD Mohamad Kamal A Rahim, ол микротолқынды диапазондағы сымсыз құрылғылар саласындағы маман болып табылады.

Кездесуді БЖТ кафедрасы ұйымдастырып, 2022 жылдың 1 желтоқсанында сағат 14.00-де 4 корпустың 411 аудиториясында шетелдік ғалымдармен БЖТ кафедрасының 3 курс студенттері мен ПОҚ үшін «Advanced RF and microwave in wireless communication system»тақырыбында дәріс өткізілді. БЖТ кафедрасы ғалымға ұсынылған материал және дәрістің жоғары сапасы үшін алғыс білдіреді, ол БЖТ кафедрасының ғылыми бағытының ынтымақтастығын бастайды.

Без рубрики