Магистрлердің жаңа түлектеріне дипломдар табыс етілді


2022 жылдың 4 шілдесінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура түлектерінің өміріндегі ең бақытты және есте қаларлық күндердің бірі ретінде есте қалады.

Бұл күні олар магистр дәрежесін алды. Өз өмірлерін ғылыммен, Жоғары мектептегі педагогикалық қызметпен байланыстыруды шешкен магистрлер бүгін емес – ертең ЖОО оқытушыларының қатарын толықтыруы әбден мүмкін

Академиялық жұмыс жөніндегі Проректор – Басқарма мүшесі А. М. Темербаева, Басқарма төрағасы – Ректор, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ибатов М.К. магистрлерге құттықтау сөздерін және жылы лебіздерін жеткізді.

А.М. Темербаева өзінің алғы сөзінде ғылым магистрлерін қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауға, PhD докторантурасында білім алуды жалғастыру туралы ойлануға шақырды.

Магистратура түлектерін шын жүректен құттықтап, университеттің рухани-адамгершілік тәрбие жөніндегі кеңесінің төрағасы, т.ғ.д., профессор Қ.Б.; Ғылым және инновациялар кафедрасының меңгерушісі, PhD Сүлеев Б.Д.; «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Хмырова Е.Н.; Нанотехнология және металлургия кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Куликов В.Ю.; «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, PhD Замалиев Н.М.; Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің меңгерушісі, PhD докторы Нұрмағанбетова Г.С. түлектерге сәттілік тілей отырып, олар университетте алған құзіреттіліктері таңдаған қызмет саласында бәсекеге қабілетті маман болуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Өйткені, олар ең беделді жаһандық университет рейтингтерінің бірі – QS World University Rankings 2022/2023 ТОП 651+ кластеріне кіретін университеттің магистратурасын тәмамдаған.

Рақымберлин Асыл, Қазкен Алдияр, Мұстафин Сәкен және Казанцева Виктория магистранттар атынан сөз алып, университеттің профессор-оқытушылар құрамының жанқиярлық еңбектері үшін алғыстарын білдіріп, туған оқу орнының абыройын төмендетпейтіндіктеріне сендірді.

Лайым, солай болсын деп үміттенеміз.

Без рубрики