Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде тиісті білім беру бағдарламалары бойынша қысқы кезеңде оқуын аяқтаған магистранттарға салтанатты түрде дипломдар табысталды.
Шараға Басқарма мүшелері – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Тимур Қанапиянов, ғылым және инновация жөніндегі проректор Али Мехтиев, цифрландыру жөніндегі проректор Азамат Амиров, әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі проректор Абай Қалықов қатысты. Проректорлар диплом табыстау барысында магистранттарға университет қабырғасында алған білімдерін тәжірибеде тиімді пайдаланып, инженерлік және ғылыми қызметте табыс, кәсіби жетістіктер тілеп, еліміздің дамуына лайықты үлес қосатынына сенім білдірді.
Барлығы 46 түлекке 16 білім беру бағдарламасы бойынша техникалық ғылымдар сондай-ақ техника және технология магистрі дәрежесі берілді.
Магистранттарды білімін сәтті аяқтауымен құттықтап, кәсіби және ғылыми жетістіктер тілейміз!














