Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университетінің ғалымдарымен ғылыми ынтымақтастық


«Нанотехнология және металлургия» кафедрасының аға оқытушысы Аубакиров Д.Р. Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университетінің жетекші ғалымдарымен электронды микроскоптың көмегімен жаңа әзірленген ыстыққа төзімді қорытпаның прототиптеріне бірлескен металлографиялық зерттеулер жүргізуге қатысты.

Зерттеулер ғылыми жоба шеңберінде «Жаңа ыстыққа төзімді қорытпаны және оның негізінде металлургиялық өндіріс үшін бөлшектер алу технологиясын әзірлеу және енгізу» тақырыбы бойынша жүргізілді (ҚР БҒМ ҒК 12.03.2021 ж. №115-КМУ2-2 шарт).

Д.Р. Аубакиров сондай-ақ «Kawasaki-Политех» өнеркәсіптік робототехника оқу ғылыми-өндірістік орталығына және «Машина жасау, материалдар және көлік институты» «Материалдарды зерттеу және модельдеу»  ғылыми-білім беру орталығына барып, өнеркәсіптік робототехника және машина жасау материалдарын өңдеу саласындағы озық технологиялармен танысты.

Мұндай бірлескен ғылыми зерттеулер Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен Ұлы Петр Санкт-Петербург ұлттық зерттеу политехникалық университетінің ғалымдарын жаңа біліммен және тәжірибемен байытады.

Без рубрики