Ұлт ұстазының есімін ұлықтау


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын іске асыру аясында болашақ маманды тәрбиелеуге көп көңіл бөлінеді.

2022-2023 оқу жылының басында «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының ОП-20-1 тобының студенттері ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға қатысты.

Студенттер 20 ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы көшбасшыларының бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, ұлттық жазуды реформалаушы, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың өмірімен және шығармашылығымен танысты. Осы іс – шараның арқасында болашақ мамандар Қазақстан тарихына тағы да терең еніп, ана тілінің болашағы – ұлт болашағы екенін терең түсінді.

Без рубрики