«Әлия – батыр кызы сен халқымның…»


Осы атаумен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Механика» кафедрасының аға оқытушылары А.О.Өмірбекова мен Г.Ж.Рахымбаева Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына және Ұлы Жеңістің 79 жылдығына арналған патриоттық тарихи-танымдық сағат ұйымдастырып, өткізді.

Қатысушылардың назарына Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы деректі фильм ұсынылды. Кафедра оқытушысы К.Т.Шатеков өзінің керемет дауысымен бірнеше ән орындады. Арх-23-1, Арх-23-2, Арх-23-3 топтарының студенттері өлеңдер оқыды, әскери тақырыпта қызықты қойылымдар көрсетті, билер мен әндерді орындады.

Өткізілген іс-шараның мақсаты белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, студенттердің адамгершілік-патриоттық сезімдерін нығайту, Отанымыздың ерлік өткеніне және майдан мен тылда жеңіске жеткендерге құрмет көрсету болды. Қатысушылардың реакциясына қарағанда, патриоттық тарихи-танымдық сағат барлығына терең әсер қалдырды деп айтуға болады.

Іс-шараға сәулет-құрылыс факультеті деканының орынбасары А.С.Түсіпов, «Механика» кафедрасының меңгерушісі М.Ж.Бакиров, доценттер В.Ф.Михайлов, Г.Тәженова, аға оқытушылар А.О.Қасылқасова, П.Г.Безкоровайный және Б.И.Әбілғазин қатысты.

Без рубрики