«Әлихан Бөкейханов- азаттыққа дейінгі ұзақ жол» Республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциясы


25 сәуір 2016 ж. сағ 11:00-де ҚарМТУ-дың бас ғимаратында «Әлихан Бөкейханов- азаттыққа дейінгі ұзақ жол» Республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциясы өтеді.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов – көрнекті қоғам қайраткері, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым – ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі дарынды публицист. Әлихан Бөкейханов бар өмірін қазақ халқының еркіндігі мен саяси дербестігіне арнаған.

Барлық қатысушыларды қарсы алып, сөз сөйлейтін ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі А.М.Ғазалиев.

т.ғ.к., доцент, Букетов ат. ҚарМТУ «Тұлғатану» ғылыми- зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Л.К.Шоткабаеваның, т.ғ.к., ҚарМТУ Қазақстан Тарихы кафедрасының доенті С.С.Касимованың, ҚарМТУ әлеуметтік- гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ж.А.Тусупбекованың және т.б. баяндамалары тыңдалады.

Іс-шара барысында авторы PhD докторы, Л.Н. Гумилева ат. ЕҰУ «Алаш» ҒЗИ директоры С. Аққұлұлы болып табылатын Алихан Бөкейханов туралы кітаптың презентациясы өтеді.

Без рубрики