ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТЫҢЫЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


Смаилов Ілияс Елнарұлы – Жастар саясаты департаментінің әдіскері, Қарағанды қаласы әкімінің жыл сайынғы «Nur Qadam 2022» жастар сыйлығының «Жылдың жас еріктісі» номинациясының лауреаты атанды. Смаилов Ілияс алты жыл бойы волонтерлік қызметпен айналысады, 2019 жылдан 2022 жылға дейін ЖОО жанындағы «Жас орда» жастар қауымдастығын басқарды және бірқатар қайырымдылық және волонтерлік акциялардың ұйымдастырушысы болды. Ілияс – 15 реттен артық тапсырған тұрақты қан доноры. 2020 жылы Ілияс белсенді волонтерлік қызметі үшін «Халық алғысы»  медалімен марапатталды.

Сондай-ақ, Смаилов Ілияс Мәскеу қаласында өткен «Жас ғалымдар – ТМД болашағы» халықаралық форумына қатысты. Форумға қатысу конкурстық негізде өткізілді және 951 үміткердің ішінен барлығы 40 қатысушы таңдалды. Форумның делегаттары Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан атынан 18-35 жас аралығындағы Достастық елдерінен келген студенттер мен аспиранттар, жас ғалымдар, ғылыми-білім беру жобаларының қатысушылары, жас ғалымдар кеңесінің жетекшілері болды.

Ілияс Елнарұлын лайықты марапатымен құттықтаймыз және кәсіби қызметте жаңа жетістіктер тілейміз!

Без рубрики