ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТЫҢЫЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


2022 жылғы 8 желтоқсанда Алматы қаласында Datacom бағыты бойынша халықаралық сертификаттау емтиханын сәтті тапсырған оқудан өткен студенттердің саны мен қамтылуы бойынша жоғары нәтижелер көрсеткен Huawei үздік академиялары мен нұсқаушыларын марапаттау және жыл қорытындысын шығару өтті.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті жанындағы Huawei академиясы 24 қатысушы арасында Қазақстан Республикасының Huawei ICT үздік төрт академиясының бірі атанды.

Есенжолов Ұлан Серікұлы – ТСС кафедрасының аға оқытушысы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша өткен жылғы жетістігін қайталап, «Үздік нұсқаушы» атағын алды. «Үздік нұсқаушы» номинациясы бойынша 50 қатысушының ішінен тек 6 адам жеңімпаз атанды.

Советов Ұлан – ВТ-20с қаз. тобының студенті тестілеу қорытындысы бойынша 2022 жылдың ТОП-10 үздік студенті қатарына енді.

ТСС кафедрасын оқытушысы мен студентінің жетістігімен құттықтаймын! Жаңа табыстар мен биік белестерді бағындыруды тілеймін!

Оқытушыларымызды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және оларға кәсіби қызметте жаңа жетістіктер тілейміз!

Без рубрики