ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТТАРЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


Лог — 20 — 2 тобының студенті Волоконцев Андрей және БТ (ОПИ) — 21-2 тобының студенті Семенов Иван Қарағанды өңірінде жалғыз осылар, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мемлекеттерінің жоғары оқу орындары студенттері арасында «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» III Халықаралық студенттік интернет-олимпиадасының жүлдегері атанды, саяси және құқықтық білімнің жоғары деңгейін көрсетіп, 100 балл жинады. Олимпиадаға Достастық елдерінің 149 жоғары оқу орындарынан 1465 студент қатысты. Олимпиаданың ұйымдастырушысы – ТМД Парламентаралық Ассамблеясына қатысушы мемлекеттер азаматтарының демократия, парламентаризм және сайлау құқықтарының сақталуын мониторингтеудің Халықаралық институты (студенттердің жетекшілері – ҚХА және ӘГП кафедрасының оқытушылары Р.М. Шарипова, О.М. Хмельницкая, Д.Г. Шорманбаева).

Студенттерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және оларға жаңа жетістіктер тілейміз!

Без рубрики