ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


Аманкелдиев Айболат Еркебұланұлы – ТТ-21-1с тобының студенті Ереван қаласында (Армения) өткен жастар арасында самбодан 79 кг салмақта әлемнің вице-чемпионы атанды. Әлем чемпионатына 25-тен астам елден келген спортшылар қатысты. Айболат күміс медальмен және грамотамен марапатталды.

Айболатты лайықты марапатымен құттықтаймыз және оған жаңа спорттық жетістіктер мен оқуда табыс тілейміз!

Без рубрики