ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» Белгісімен білікті кадрларды даярлау және университеттің кәсіподақ ұйымын дамыту бойынша көпжылғы және табысты қызметі үшін марапатталды:

Пак Юрий Николаевич — техника ғылымдарының докторы, ГПҚКОБ кафедрасының профессоры, «Университет еңбектері – Труды университета» Республикалық ғылыми журналының бас редакторы, университетте 45 жылдан астам уақыт жұмыс істейді.

Юрий Николаевич — ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері. «ҚР ғылымын дамытудағы еңбегі үшін», «Жер қойнауын барлау үздігі» Белгілерінің иегері, «ЖОО-ның Еуропалық оқытушысы» атағының лауреаты, «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы -2011» мемлекеттік грантының иегері, Ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендияның лауреаты.

Ш дәрежелі «Шахтер даңқы» медалімен, «ТЖ-ға 15 жыл» медалімен, Ресей жаратылыстану академиясының Халықаралық ғалымдар мен оқытушылар Қауымдастығының «Еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2022ж.), «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» (2022ж.) атағы берілген.

2022 жылдың Ғалым-педагог номинациясы бойынша «Алтын Гефест» ұлттық байқауының жеңімпазы.

Әубәкіров Нұрлыбек Маманұлы – «Шәкәрім Құдайбердиев атындағы Тілдердің үштұғырлығы» орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор. Университетте 20 жылдан астам жұмыс істейді. 2014-2020 жылдары университет оқытушылары мен қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы болды. «ҚР жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2018» атағының иегері.

Оқытушыларымызды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және оларға кәсіби қызметте жаңа жетістіктер тілейміз!

Без рубрики