Кураторлық шеберлік сағаты


2023 жылдың 6 наурызында 1 ғимараттың 317 дәрісханасында «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының  кураторлары Л.М. Кулейменова ТТ-23-1,                ТТ-23-1с, М.Т. Оспангалиева ОП-23-1, ОП-23-1с топ студенттерімен                  «Қаржы пирамидасы, алаяқтық, интернет-алаяқтық» тақырыбында шебер кураторлық сағатын өткізді.

Шеберлік сағаттың мақсаты:

  1. Презентация: педагогикалық тәсілдер мен инновациялық технологияларды қолдану (тақырыпқа қатысты презентация, «Kahoot» платформасы);
  2. Мотивация (уәждеу): студенттердің қызығушылығын, белсенділігін арттыру; студенттердің пікіралмасуға, ойынға қатысуын қамтамасыз ету;
  3. Тиімділігі: шеберлік сағатына қатысушыларының оң пікірлерін дамыту;

Қаржы пирамидасы, алаяқтық, интернет-алаяқтық деген ұғымдарды түсіндіріп, пайда болу    жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастыру; интернеттегі алаяқтан қалай қорғануға, өз істеріне жауапкершілікпен қарауға және әділдікке тәрбиелеу; елімізге деген патриоттық сезімдерін дамыту.

Кураторлық сағатты өткізу барысында педагогикалық әдістер мен инновациялық технологияларды көрсету: сыни-тұрғыдан ойлау, баяндау, сұрақ-жауап, «Миға шабуыл» әдісі, «Иньтервю» әдісі, «Өзіңді тексер» әдісі, пікіралмасу, психологиялық ойын «Сандарды табу», рольдік ойын, «Kahoot» платформасында тест тапсырмасын орындау.

Без рубрики