«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында дөңгелек үстел

2019 жылдың  29  мамырында «Серпіндестер Ордасы» жатақханасының акт залында Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

         Дөңгелек үстел мақсаты — ҚР Мемлекеттік рәміздерін жан-жакты түсіндіру арқылы студенттердің бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, ҚР Мемлекеттік рәміздеріне зор құрмет, шынайы сезім, ұлттық рух тұрғысында қарауға дағдыландыру.

Қатысқан студент саны – 35 адам.

 

Без рубрики