Круглый стол «Білім. Тәжірибе. Ғылым»


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 70 жылдығын мерекелеу аясында, 2023 жылдың 28 сәуірінде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Кеніштік аэрология және еңбек қорғау» кафедрасында «Білім. Тәжірибе. Ғылым»  дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің маңыздылығы өндірістік кәсіпорындарда орын алатын,  түрлі өндірістегі жазатайым оқиғаларды, кәсіби аурулардың  алдын алу (азайту) жөніндегі іс – шараларды ұйымдастыру, алдын алу іс-шаралары талқыланды.  «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Maker» ЖШС, «Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС, «Kazprom Engineering» ЖШС, «Қарағанды Су» ЖШС, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС, «Өркен» ЖШС, «Bastau Expert» ЖШС келген осы сала мамандары өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Дөңгелек үстелдің өткізілу мақсаты — еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша консультациялық, ақпараттық және ғылыми-зерттеу қызметтерін көрсету бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындармен ынтымақтастықты нығайту болды.

Без рубрики