2026 жылдың 12 ақпанында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Көлік, логистика және инженерлік экономика» факультеті, «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының кураторлары Нуржанова К.К. (ЛОГ-25-2, ЛОГ-25-2с) және Жалдыбаева А.Ж. (ЛОГ-25-3) жетекшілік ететін топ студенттерімен
«Конституция — қоғам мен мемлекеттің тірегі» тақырыбында танымдық тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты — Конституциялық құқық саласындағы өзгерістерге байланысты білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ Ата Заңымыздың қоғам өміріндегі маңызын терең түсіндіру.
Кездесу барысында адам құқықтары мен бостандықтары, азаматтардың міндеттері мен жауапкершілігі туралы кеңінен айтылып, маңызды түсіндірмелер берілді.
Тәрбие сағаты барысында студенттер белсенділік танытып, өз ой-пікірлерін ортаға салып, құқықтық білімдерін толықтырды.
Конституция — тәуелсіз еліміздің берік тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі.





