«Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы №124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 30 қазандағы №466 бұйрығына сәйкес «Университеттің үздік оқытушысы» атағына арналған байқаудың университетішілік кезеңін өткізеді.
12.11.2020 бастап 17.11.2020 дейін өтініш берушілердің мәліметтерін тіркеуі БҒМ АЖ (https://universitycontest.iac.kz/) арқылы жүзеге асырылады. 18.11.2020 бастап 24.11.2020 дейін Сараптама тобының жұмысы сапалы және сандық көрсеткіштерге сәйкес әр өтініш берушіге қорытынды бере отырып (09.11.2020 ж. № 490 бұйрығы) жүзеге асырылады.
Конкурстық комиссия 25.11.2020ж-нан 26.11.2020ж дейін Байқаудың Республикалық кезеңіне қатысуға үміткерлерді таңдауды қамтамасыз етеді:
Байқау комиссиясы өз шешімін Хаттама түрінде рәсімдейді;
27.11.2020 ж Конкурстық комиссия шешімінің хаттамасы ҚарТУ сайтында жарияланады;
27.11.2020ж Байқаудың университетішілік кезеңінің нәтижелерімен келіспейтін үміткерлердің апеляцияға өтініштері қабылданады;
28.11.2020ж 17-00-ге дейін апеляция материалдарын қарап және Конкурстың университетішілік кезеңінің нәтижелерін жариялайды;
Конкурсқа қатысты толығырақ ақпаратты келесі телефон нөмірлерінен біле аласыздар:
56-75-97 (қос. 1000, 2003)
Эл. пошта: dipd@kstu.kz
Бас корпус, каб. 248, 250