«Конфуций Институты күні»


2015 ж. 22 қыркүйек күні сағ 10.00-де «Жастар Әлемі» Жастар сарайында «Конфуций Институты күнін» Шыхыцзы университеті қонақтарымен бірге  тойлау қарсаңында концерт өтті.

Университет студенттерінен 370 адам қатысты. Бұл «Жастар Әлемі» жастар сарайының толық сыйымдылығы. Студенттерді факультет декандарының тәрбие ісі бойынша орынбасарлары және пән мұғалімдері алып жүрді.

Аталмыш іс-шара мақсаты Қазақстан және Қытай елдері арасындағы ынтымақтастық пен қарымқатынасты көрсету.

Қатысқандар: ҚарМТУ ректоры, ҰҒА академигі А.М.Ғазалиев; Қазақстан жағынан Конфуций институтының директоры – т.ғ.к.,доцент Т.С.Филлипова; Қытай жағынан институт директоры- Шыхыцзы университетінің доценті Т.Данабек және Шыхыцзы университетінен шақырылған қонақтар.

Іс-шара ұйымдастырушылары- Университеттің жастар саясаты департаменті және Конфуций институты.

Без рубрики