Кеңес барысында колледж директоры Нурбиби Абсадыковна ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жаңа қызметке қабылданған қызметкерлер мен оқытушыларды таныстырды. Алдағы оқу жылына арналған негізгі мақсаттар мен міндеттер айқындалып, білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және білім алушылар үшін қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар барлық курс топтарына, әсіресе 1-курс топтарына кураторлар тағайындалды.



