Колледж Мәскеу облысындағы мемлекеттік автономды кәсіптік білім беру мекемесі – «Подольск энергетика колледжі» ұйымдастырған халықаралық IT викторинасын өткізді.


2025 жылдың 4 желтоқсан күні Мәскеу облысының «Подмосковный колледж «Энергия»» мемлекеттік автономды кәсіби білім беру мекемесі ұйымдастырған, ұйымдастырушы ел – Ресей Федерациясы болған «IT-квиз» халықаралық байқауы өтті.

Бұл байқауға Белоруссия, Қазақстан, Ресей мемлекеттері арасынан барлығы 15 команда қатысты.
Қатысушылар қатарында:
– Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің (ҚЖПК) 2 командасы,
– Қарағанды банк колледжі,
– Шахтинск политехникалық колледжі,
– Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің Информатика және бағдарламалау колледжі,
– Гомель мемлекеттік машина жасау колледжі болды.

Осы беделді халықаралық жарысқа қатысушы командалардың ішінен біздің Әбылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжі барлық қарсыластардан оза шығып, 1-орынға ие болды.👏
Олардың еңбегі, дайындығы, жауапкершілігі мен бірлігі — осы үлкен жеңістің негізгі .
Біз халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенімізді және жоғары нәтижеге қол жеткізе алатынымызды дәлелдедік.

Барлық қатысушыларға, педагогтарға, мамандарға және қолдау білдірген жандарға шын жүректен алғыс айтамын. Ісіңізге деген сенім, жауапкершілік және кәсібилік осы жеңісті мүмкін етті.

Колледж намысын қорғап шыққан студенттеріміз:
Гермашев Е.В., Тимофеев Д.В., Щербаков Р.

Сонымен қатар осындай мүмкіндік жасап, әрдайым қолдау көрсетіп отырғаны үшін колледж директоры Смагулова Н.А.-ға ерекше алғыс білдіреміз.

Жауапты мұғалім мен жетекшілері: Борантай Б., Жупышева А.К.

[/su_custom_gallery]
Без рубрики