BI Group компаниясымен кездесу
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Архитектура-құрылыс факультеті мен Көлік, логистика және инженерлік экономика факультетінің бітіруші түлектеріне арналған BI Group компаниясының қатысуымен іс-шара өтті.
Іс-шараға шамамен 80 түлек қатысты.
BI Group – Қазақстандағы ең ірі инвестициялық-құрылыс холдингтердің бірі. Холдинг құрамына BI Development, BI Construction & Engineering және BI Education компаниялары кіреді.
BI Group университет түлектеріне өндірістік тәжірибеден өтуге база ұсынуға және оларды алдағы уақытта жұмысқа орналастыруға мүдделі.
Түлектерді жұмысқа орналастыру университет қызметінің тиімділігін айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Университет бұл бағытқа ерекше назар аударып, түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жүйесін тұрақты түрде дамытуда.
Кездесу жастарды жұмысқа орналастыру, мансаптық перспективалар және сұранысқа ие келесі білім беру бағдарламалары бойынша жас мамандардың кәсіби дамуына бағытталды:
- 6В07304 «Құрылыс»
- 6В07307 «Ғимараттар мен құрылыстардың инженерлік жүйелері»
- 6В04108 «Есеп және аудит»
- 6В05090 «Қаржы»
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Қазаэронавигация» РМК өкілдерімен кездесу өтті
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде техникалық білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан бітіруші курс студенттерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерді қазіргі еңбек нарығындағы үрдістермен таныстыру, кәсіби бағдар қалыптастыру, сондай-ақ университет түлектері мен жетекші кәсіпорын өкілдері арасында тікелей өзара байланыс орнату.
Кездесуге келесі білім беру бағыттары бойынша білім алатын студенттер қатысты:
- Көлікті ұйымдастыру, қозғалыс және көлік пайдалану;
- Көлік техникасы мен технологиялары;
- Автоматтандырылған басқару;
- Ақпараттық жүйелер;
- Желілік қауіпсіздік;
- Желілік технологиялар және байланыс жүйелері.
Кездесу барысында түлектерді жұмысқа орналастырудың өзекті мүмкіндіктері, мансаптық перспективалар, жұмыс берушілердің талаптары, сондай-ақ жас мамандардың кәсіби дамуы мәселелері талқыланды. Студенттер кәсіпорын өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік ұсыныстар алды.
Университетте «Жайрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ өкілдерімен кездесу өтті
2025 жылғы 27 қарашада университеттің бас корпусында, 350-аудиторияда «Жайрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шара университет пен өнеркәсіптік кәсіпорын арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ болашақ түлектерді жұмысқа орналастыруға тартуға бағытталды.
Кездесуге металлургия және машина жасау факультетінің, сондай-ақ энергетика, автоматика және телекоммуникациялар факультетінің білім алушылары қатысты.
Металлургия және машина жасау факультетінен «Пайдалы қазбаларды байыту» білім беру бағдарламасы бойынша 1–4 курс білім алушылары шақырылды.
Энергетика, автоматика және телекоммуникациялар факультетінен «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша 2–4 курс білім алушылары қатысты.
Кездесу барысында «Жайрем ГОК» АҚ өкілдері кәсіпорынның қызметі, өндірістік тәжірибеден өту шарттары және жұмысқа орналасу перспективалары туралы ақпарат берді. Ерекше назар кәсіби құзыреттерді дамыту мәселелеріне, инженерлерге қойылатын заманауи талаптарға және кәсіпорындағы мансаптық өсу мүмкіндіктеріне аударылды.
Университетте Агенттіктің қаржы мониторингі бойынша үздік студенттермен кездесуі өтті.
2025 жылдың 24 қарашасында университеттің бас корпусында, 350-аудиторияда Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі өкілдерінің жоғары оқу орындарының үздік білім алушыларымен кездесуі өтті. Іс-шара Агенттіктің кадрлық резервін қалыптастыруға және талантты түлектерді қаржы мониторингі саласында жұмысқа тартуға бағытталды.
Кездесуге 2026 жылы оқуын аяқтайтын 4 курс білім алушылары қатысты. Олар келесі білім беру бағыттары бойынша оқиды: «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «IT-менеджмент», «Инновациялық технологиялар», «Электроэнергетика», «Кәсіпорын экономикасы және менеджмент».
Ерекше назар университеттің қоғамдық және шығармашылық өміріне белсенді қатысатын, сондай-ақ цифрландыру, робототехника, стартаптар және шетел тілдеріне қатысты жобаларда өзін көрсеткен білім алушыларға аударылды.
Компания KAZ Minerals Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті студенттерімен кездесті.
Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде техникалық білім беру бағдарламаларының бітіруші курс студенттерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған іс-шара өтті.
17 қараша күні 2–3 курс студенттері үшін мына білім бағыттары бойынша қонақ дәрістері ұйымдастырылды:
–тау-кен ісі,
– металлургия,
– машина жасау,
– пайдалы қазбаларды байыту,
– бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы,
– технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша),
– электрэнергетика,
– машина жасау,
– көлік, көлік техникасы және технологиялары,
– автоматтандыру және басқару.
Компания өкілдері KAZ Minerals қызметі, өндірістік алаңдары, тағылымдама бағдарламалары және жас мамандарға арналған мүмкіндіктер туралы айтып берді. Студенттер компания өкілдеріне тікелей сұрақ қойып, тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі заманауи үрдістер туралы ақпарат алды.
18 қараша күні осы бағыттардың 4-курс түлектерімен сұхбат-кездесулер өтті. Кездесулер барысында жұмысқа орналасу перспективалары, жас мамандарға қойылатын талаптар, практикадан өту ерекшеліктері және компаниядағы бейімделу мәселелері талқыланды.













