Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (БСҚА/IQAA) ұсынған 2020 жылға арналған қазақстандық ЖОО веб-сайттарының рейтингінің мәліметтері бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ресми сайты Қазақстан Республикасының 101 ЖОО арасында тек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алға жіберіп, 2-ші орынға ие болды.
Сондай-ақ үздік үштікке Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті енді.
БСҚА/IQAA ұлттық рейтингінде ЖОО веб-сайттары саралаудың 9 өлшемі бойынша бағаланды:
A – веб-сайт өлшемдері;
B – ақпараттық толықтыру;
C – сайттың жаңартылуы;
D – дизайн және сайт навигасиясындағы қолайлылық;
E – сайтты мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсыну;
F – кіру көрсеткіші;
G – сайтқа жасалатын сілтемелер саны;
H – сайт жылдамдығы;
I – әлеуметтік желілер саны.
Сонымен қатар, сайттың жаңартылуы мен жылдамдығының көрсеткіштері бойынша ҚарМТУ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан озық тұрса, ал әлеуметтік желілер саны бойынша кем түспейді.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушыларының, қызметкерлерінің, докторанттарының, магистранттары мен студенттерінің 14 мың ұжымын кезекті лайықты табысымен құттықтаймыз!
Жаңа жетістіктер тілейміз!