Кафедра тарихы


Құрылыс материалдары және бұйымдарының технологиясы кафедрасы. Құрылыс материалдары және бұйымдарының технологиясы кафедрасы «Темірбетон конструкциялары» және «Құрылыс экономикасы және ұйымдастырылуы» шығарушы кафедраларының бірігуі арқылы  1972 жылы құрылған.

Кафедраның негізін қалаушы және бірінші меңгерушісі кафедраның дамуына және қалыптасуына үлкен үлес қосқан  Мәскеу инженерлік – құрылыстық институтының түлегі доцент, т.ғ.к. А.М. Мамырбеков болды. Әр жылдары кафедраны  доценттер, т.ғ.к.: М.Р. Момынов (1979 – 1982 жж.), А.Б. Есиркепов (1983 – 1990 жж.), С.Б. Баттаков (1990 – 1997 жж.), профессор, т.ғ.д. Д.О. Байджанов (1997 – 2004 жж.) басқарған. 2004 жылдан қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі доцент, т.ғ.к. М.А. Рахимов болып табылады. Кафедраның ғылыми зерттеулерінің нәтижелері бойынша  әр уақытта  7 докторлық диссертацияларды: В.И. Соловьев (1994 ж.), А.Т. Пименов (1997 ж.), Д.О. Байджановым (2003 ж.), В.Э. Абсиметовым (2004 ж.), А. Шайкежаном (2005 ж.), Е.В. Ткач (2006 ж.) қорғаған.  Кафедра «Құрылыс матералдарын, бұйымдарын және конструкциларын өндіру» мамандығы бойынша бакалаврлар мен магистрларды шығарады. Құрылыс зертханасының материалдық – техникалық базасы тұрақты түрде жаңартылып тұрады. Жыл сайын қазіргі заманғы жабдықтар сатып алынады, кафедраның ғылыми – зерттеу қызметі дамуда.

Қазіргі уақытта  кафедрада профессорлар, т.ғ.д.: Д.О. Байджанов, А. Шайкежан, Е.В. Ткач; доценттер, т.ғ.к.: М.А. Рахимов, М.О. Иманов, А.Ш. Калмагамбетова, Серова Р.Ф.; аға оқытушылар: Г.М. Рахимова, Г.А. Сейдинова; оқытушы : А.О. Икишева; ассистенттер: Н.Б. Касымов, М.К. Дадиева жұмыс істейді. Дәрістерді оқу үшін Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шет елдерінің осы саладағы алдыңғы қатарлы мамандары: профессор В.Э. Абсиметов (Ресей), В.И. Соловьев (Алматы қ., ҚарМТУдің құрметті профессоры); доцент, т.ғ.к. О.А. Малышев (Ресей) және т.б.жұмылдырылады.   Қазіргі уақытта кафедра құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіретін өнеркәсіптермен тығыз байланыста.. Тәжірибелерді өткізудің және жұмысқа орналасудың негізгі базалары 12 өнеркәсіптер мен ұйымдар болып табылады: ЖШС «KERATEK», ЖШС «Карагандастройконструкция», АҚ «Карагандинский деревообрабатывающий комбинат», ЖШС «СпецСтройАльянс», ЖШС «Нурхан», ЖШС «Алга-строй», ЖШС «Астана-Брик», ЖШС «Казтрансметалл», ЖШС «Сапа», ЖШС «АзияСтройПласт», ЖШС «СтройСпецТехника», ЖШС «Карагандацветмет».

Корпоративті Университеттің өнеркәсібі ЖШС «KERATEKте» (құрылыс керамикасын өндіру зауытында) кафедра  филиалы ұйымдастырылған, онда өнеркәсіптің алдыңғы қатарлы мамандарымен біріге отырып студенттердің тәжірибелерінің барлық түрі, зертханалық және тәжірибелік жұмыстардың жеке түрлері жүргізіледі, дипломдық жобалардың көшпелі қорғау түрі ұйымдастырылады. Сонымен қатар осы өнеркәсіпте  ҚМ және БТ кафедрасының жас оқытушыларының  стажировкасы және зауыт жұмыскерлерінің ҚарМТУ жанындағы біліктілікті жоғарылату институты курстарында оқуы қарастырылған. Кафедра оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарында келесі ұйымдармен тығыз байланыста: Алматы «ҒЗИстромпроект», Қазақ бас сәулет-құрылыстық академиямен, Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университетімен, Руднендік индустриалды институтпен, С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекттік университетімен. Кафедрада Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті, Пенза мемлекеттік сәулет және құрылыс университеті, Орал политехникалық институты, Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университеті, Томск политехникалық университеті сияқты жақын және алыс шет елдерінің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен халықаралық қарым қатынасты кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 
Без рубрики