Кафедра тарихы


Е.И. Шевцов ат. «Металлургия, материалтану және нанотехнологиялар» кафедрасы

 

«Металлургия, материалтану және нанотехнологиялар» кафедрасының тарихы  1954 жылдан басталады, себебі Қарағанды тау-кен институтында осы кафедра ашылғаннан кейін «металдар технологиясы» кафедрасы ашылып, жалпы техникалық  пәндер оқытылуға арналды .  Кафедрада  доценттер,  техн. ғыл. канд. Деревинский И.Л., Кречмер В.Г., Раков С.С. қызмет атқарды. Кафедра ұйымдастырушысы және теңдессіз меңгерушісі болып 32 жыл бойы Шевцов Евгений Иванович атқарды, беделді инженер-болатқұюшы соғыс жылдарының алдында Сталинград трактор заводында болат құю цехында жұмыс істеді, 1942ж. Теміртау қаласындағы Қазақ металлургиялық заводының құрылыс саласына ауыстырылды. 1945ж. мартенев цехы ашылғаннан кейін Евгений Иванович оның басшысы болды, 1952ж. бастап заводтың техникалық бөлімінің басшысына көтерілді. 1954 жылы  кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін,  Қарағанды тау-кен институтына оқытушылыққа шақырылды, онда 40 жыл қызмет атқарды.  Шевцов Е.И. инженерлік кадрлар дайындауда, сонымен қатар Қарағанды, Теміртау, Павлодар қалаларындағы құю өндірісі кафедрасының оқытушылық ұжымының қалыптасуына көп еңбек сіңірді.

Профессор Шевцов Евгений Иванович

      1964 жылы  «Металдар технологиясы» кафедрасы   «құю өндірісі және  металдар технологиясы» болып өзгертілді, себебі инженер-құюшылар ұжымын дайындау міндеті жүктелді. ҚарПТИ-дің «Қара және түсті металдар құю өндірісі» мамандығына бірінші топ 1961 жылы қабылданды.  Қазақстанда 1960ж. машина жасау саласының өндірісі үлкен қарқынмен өсіп келе жатқанда, еуропалық елдердің  жоғарғы оқу орындарын бітіріп келген түлектердің есебімен қанағаттанарлықтай болғанда,кадр тапшылығы осы мамандық және машина жасау саласы бойынша мамандықтар ашылуына септігін тигізді.

Қазақстан Республикасының  тұңғыш президенті Н.Ә.назарбаев  ЛП-62-2 тобында үш жыл бойы білім нәрімен сусындады. Инженер кадрларын дайындау сол кездері «күндізгі-кешкі» жүйесі бойынша жүрді,екі жыл бойы осы жүйенің студенттері өндірісте әрі жұмыс істеді, әрі оқыды. Студенттік жылдардың өзінде оның әділдік, адамгершілік, жауапкершілік және сенім ұялату қасиеттері көрінген болатын. Ол курстастарының арасында үлкен беделге ие болды.  Нұрсұлтан Әбішұлы студенттік құрылыс тобынының командирі болды, институт және факультеттің қоғамдық өміріне белсене араласты.  1965 жылы ол Теміртау қаласының зауытына  «Шойын металлургиясы» мамандығына ауысты. «Металдар технологиясы» кафедрасының негізінде  1962 жылы тағы да жаңа   «Машинажасау технологиясы» және «Дәнекерлеу өндірісінің технологиясы» кафедралары ашылды. «Құю өндірісі және металлдар технологиясы» кафедрасын   1986 жылға дейін профессор Е.И.Шевцов басқарды. Ол көп жылдар бойы тау-кен, ал кейін механикалық-технологиялық факультеттерінің деканы қызметін атқарды.

Машинажасау саласына инженерлік кадрлардың жетіспеушілігі институттың өркендеуіне, жаңа оқытушылардың қажеттілігіне жол ашты. 1963-1965 ж.ж. ұжым жаңа маман кафедра түлектерімен, сонымен қатар  Мәскеу болат, Мәскеу түсті металдар, Днепропетровск металлургиялық, Одесса политехникалық  және басқа институттың түлектері: М.Ж. Есентаев, Т.Ж. Жукебаева, И.П. Манжурин, У.К. Капжаппаров, Б.Б. Быхин, В.А. Селянко, Е.А. Арбузов, Е.И. Дерягин, Л.С. Кипнис, Т.И. Подгайная, Э.Б. Тен (болашақ  техн. ғыл.докторы, профессор МИС және С), Э.С. Лодейщикова, С.И. Лисицкая-мен толықтырылды.Осы жас адамдар өндірістік және өмірлік тәжірибеге оқуға, үйренуге деген талпыныспен қол жеткізді. Тұрмыстық ыңғайсыздыққа қарамастан (көптегені жатақханада тұрды), олар ашық-жарқындылығымен, мейірімділігімен, жаңалыққа құштарлығымен студенттердің сеніміне кірді,олардың мамандықты игеруге деген қызығушылығын тудырды. Барлығы  1960-1970 ж.ж. Мәскеу және Ленинград аспирантурасын тәмәмдап, кафедрадағы жұмысқа кандидаттар, доценттер

болып оралды.Көбісі осы күнге дейін кафедрада қызмет атқарып келеді.
1966ж. «Қара және түсті металдарды құю өндірісі» мамандығы бірінші инженер түлектерін шығарды.  Солардың бірі   С.Г. Канунникова – қазір доцент; Д.К. Исин –  КарМТУ профессоры,  төрт жыл бойы  Аннабин

университетінде (Алжир) техникалық пәндер бойынша француз тілінде дәріс оқыды; К.Б. Бишкенов – Балқаштағы  техникалық  колледждің директоры; А.О. Горст- Павлодар индустралды институтының құю өндірісі кафедрасының   меңгерушісі, Г.А. Титов, А. Арабаджи, В. Малышев, Е.В. Болдырев, В.Е. Шеховцов   Павлодар, Липецк, Бішкек, Алматы қалаларындағы өндірістік кәсіпорынның техникалық қызметі және цехтарының басшылары болып тағайындалды.

Екінші сыныпты бітірушілер арасында (1967): Т.С. Сүлейменов – Қазақстан Республикасының бірінші Сыртқы істер министрі, Н.П. Нелюбин – Ақтау қаласындағы Каспий ТМК механикалық жөндеу зауытының бас директоры, В.А. Трунова – Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты. А.А. 1989-2000 жылдары кафедраны басқарған Смолкин, Шугол Б.М. – ҚарМК жанындағы зауыттехникалық колледжінің бөлім меңгерушісі және т.б. т.б

 «МҚӨ және МТ» кафедрасының ұжымы, 1976жыл

    1967 жылы Е.И.Шевцовқа өндіріс әдісіне мартенов пештерінің  жедел балқыту үрдісін жете зерттеп енгізгені үшін СССР мемлекеттік сыйлығы берілді.
1969ж Е.И.Шевцов-тың басқаруымен ҚӨ және МТ кафедрасында құю өндірісінің аспирантурасы және кандидаттық диссертация қорғау бойынша мамандар кеңесі құрылды.  Сол жылдары кафедрадан кандидаттық диссертациясын қорғаған аспиранттар: М.Е. Шнайдерман, Ю.Ф. Просянов, В.С. Казачков, И.Ф. Требухин, В.В. Егоров, Ю.А. Евстифеев, С.Г. Канунникова, А.О. Горст, В.Л. Лехтмец, А.З. Исағұлов, О.А. Шарая, С.Б. Кузембаев, М.М. Суюндиков, Св.С. Квон, М.К. Альжанов, Е.С. Абдрахманов, А.П. Ботов, Б.К. Шаяхметов және т.б. Профессор В.В.Егоров 1994ж докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
Кафедра құрылғаннан бастап,онда тек сапалы мамандар дайындайтын жоғары деңгейлі кәсіби мамандар жұмыс істеді. Көп жылын кафедраға арнағандар  Н.К. Манжурина, Ю.А. Никонов, В.А. Бутуев. Маман дайындауға еңбек сіңірген  доценттер, техн. ғыл. кан. Белостоцкая И.Л., Вагнер Ф.А., Шаяхметов Б.К., Столбов Н.К., аға оқытушылар Есентаев М.Ж., Рукабер О.Г., Капжаппаров У.К., оқытушылар Ишмухамедов В.К., Джагпаров У.С., Крумхольц Э.А., Пилипенко М.М., Столбов В.К., Гурлебаус О.Э, Касаткин В.И.

1966 жылдан 2023 жылға дейін Кафедра 3500-ден астам инженерметаллургтер мен механиктерді дайындады. Ғылым докторлары болғандар: Исағұлов А.З., Күзембаев С.Б., Егоров В.В., Максимов Е.В., Нұрмағамбетов Ж.О., Никитин Г.М., Қуанышбаев Ж.М., Иванайский А.В., Иванова В.А. Кафедраның 60 астам түлектері – техника ғылымдарының кандидаттары.  .
Қазақстанда машинажасау саласы бойынша құю цехтарын кафедра түлектерінсіз елестету мүмкін емес. Жақсы дайындық, терең ойлау, өндіріс үрдісін талдай алуы түлектерге сапалы маман, өндірістің, үлкен өндіріс кәсіпорындарының техникалық қызметтерінде, ғылыми ұйымдарда, жоғарғы оқу орындарда тек қана біздің елде емес, ТМД, шетелдерде басшы болуға үлкен септігін тигізді. Солардың арасында: Поветин А.А. – ЖАҚ  «Каргормаш-тың» бірінші вице-президенті; Лекомцев В.С. – Мәскеу облысының ҚІІБ басқармасының орыбасары, ішкі істер генерал-майоры; Калышев К.Т. – Қарағанды облыстық әкімшілігінің бөлім меңгерушісі; Дессерт Е.А., Иванайский А.В. – Мәскеу және Барнаул ғылыми-зерттеу ұйымының алдыңғы қатарлы ғылыми қызметкерлері; Никитин Г.М. – Павлодар металлургиялық және теплоэнергетикалық ҒЗИ басшысы, техн. ғыл. докторы, проф.; Боранбаев Б.М. – «ТОТЕМ» металлургиялық ұйымының президенті  (Мәскеу қ.),  техн. ғыл. докторы, проф.; Жалелов Р.З. – металлургиялық және қамту институтының бас ғылыми қызметкері, техн. ғыл.докторы, проф.; Куанышбаев Ж.М. –  техн. ғыл. докторы, проф., ҚарМТУ кафедра меңгерушісі; Ержанов У.К. – министрлік өнеркәсіп департаментінің басшысы; Сарафанов И.П., Климушкин А.Н., Анищенко А.В. –  ААҚ «Испат-Кармет» техникалық қызметінің басшылары; Великожон А.И. – «Энерго-плюс» ұйымының бас директоры; Ишмухамедов В.К. – облыстық «Қазбаспасөз» филиалының басшысы; Акшанашев С.К. – қара металлургия кәсіпорнына арналған техникалық қауіпсіздік ұйымының басшысы; Каскатаев Т.Т. – металл прокаттау өндірісі зауытының директоры; Суюндиков М.М. – Павлодар мемлекеттік университетінің металлургия кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент; Братковский Е.В. – т.ғ.к., Мәскеу болат және қорытпа институты филиалының доценті, Орск қ.; Кондрашов В.М. – ТОО «Зипгорняк» директоры; Лукашов В.С. –Қарағанды құю зауыты бас директорының орынбасары; Омарханов Г.Т. – Қарағанды құю-машинажасау зауыты директорының орынбасары; Дайкер А.А. –Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары; Юрьев Л.Д. – «Қазақмыс» корпорациясының бас конструкторы, Музыченко Г.Э. – АҚ «Завод РГТО» бас технологы; Добровольский А.Ф. – ТОО НПФ «Технология» бас металлургі; Мащицкий О.В. –Қарағанды облысының өрт сөндіру күзеті басқармасы директорының орынбасары; Го-Цюн-Шуй В. – Чехиядағы машинажасау зауытының бас инженер-технологы және т.б.
1983ж. құю өндірісі және металдар технологиясы екіге бөлінді. «Материалдар түзілісі технологиясы және дәнекерлеу» кафедрасын   т.ғ.д., профессор Боченин В.И., ал  «Құю өндірісі» кафедрасын профессор Шевцов Е.И.басқарды. 1986г. «Құю өндірісі» кафедрасының меңгерушісі болып доц. Избембетов Д.Д. тағайындалды. 1989ж. «Құю өндірісі» және «Материалдар түзілісі және дәнекерлеу» кафедрасы қосылғаннан кейін «Машиналар, құю өндірісінің технологиясы және материалдар түзілісі» жаңа кафедрасы құрылды.1989-2000ж.ж. МҚӨТ және МТ кафедрасын доцент, т.ғ.к. Смолькин А.А., басқарды, оған 2002 ж. ҚарМТУ профессоры атағы берілді.
Университетте кафедра  1990 ж. бастап ең бірінші болып мемлекеттік тілде сабақ жүргізе бастады,1998-2002 ж.ж. аралығында 130 мамандар даярланды. Кафедра оқу үрдісін жаңартудан жалықпайды: әдістемелік әдебиеттің көптеген түрі мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалды, автоматтандырылған білім тексеру тестісінің бағдарламасы және негізгі тестік –рейтингтік жүйе өңделді, кафедра студенттерді компьютерлік сауаттылыққа үйретуге көп көңіл бөледі, 10 жыл қатарынан кафедрада  автоматтандырылған жобалау жүйесі бойынша оқу лабораториясы жұмыс істеп келеді.
2000ж. «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», ал 2001ж. «Металтану және металдарды термиялық өңдеу» мамандығы ашылды.

1999ж. докторлық диссертациясын кафедра түлегі Исагулов А.З. қорғады, 2000 -2004 ж.ж. ол МҚӨТ және МТ кафедрасын басқарды.  2004-2008ж.ж. ҚарПТИ түлегі, т.ғ.к. доцент Шарая О.А. кафедра меңгерушісі болды. 2008ж. докторлық  диссертациясын Кузембаев С.Б. қорғады, 2008-2009 ж.ж. ол МҚӨТ и МТ кафедрасының меңгерушісі болды.  2009 — 2010 ж.ж. кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Турсунбаева А.К. болған. 2009 ж. желтоқсанынан кафедра  меңгерушісі — Куликов В.Ю.

Кафедра «Машиналар және құю өндірісінің  технологиясы» және «Материалтану» мамандықтары бойынша Мемлекеттік стандарт өңдеушісі болып табылады. ҚазҰТУ-мен бірге «Металлургия» и «Машинажасау технологиясы және жабдық» мамандықтары бойынша Мемлекеттік стандартта магистратура өңделді. Соңғы жылдары кафедра 200 оқу құралдарын және 20 кітаптар шығарды. 2009 ж. МҚӨ және МТ кафедрасы «Металлургия, материалтану және нанотехнология» кафедрасы болып өзгертілді.
Қазіргі уақытта кафедрада 35 оқытушылар, соның ішінде 4 ғылым докторы, 8 профессор, 17 кандидат және 8 магистр қызмет атқаруда.

Кафедра басшылары

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана, Орал, Атырау, Рудный, Петропавловск, Жезқазған, Павлодар, Алматы, Балхаш, Өскемен, Череповец, Новороссийск, Челябинск және Қазақстан-ның басқа, ТМД қалаларында кафедра түлектері жолдамамен және дара шартпен табысты қызмет атқаруда .  1982ж. Қарағандыда кафедра негізінде бірінші  Республикалық құюшылар конференциясы болды.

Кафедра құрылғалы оқытушылар мен аспиранттар 6 докторлық және 49 кандидаттық диссертация қорғады. Он екі оқытушыға профессор атағы берілді.
Кафедрада келесі бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі: микролегирондау және лазерлік өңдеу жолымен болат бұйымдарының сыртын қатайту; құю қалыптарының импульстік, динамикалық үрдісі және қалыптанған машиналардың параметрлерін таңдау; құйма сапасын бақылау жүйесін сертификаттау; құрылымдарды зерттеу; металл қасиеттерін, қорытпаның жаңа түрлерін өңдеу және олардың өнеркәсіп өндірісіндегі технологиясы; қалыптанған қоспаларды технологиялық, реологиялық қасиеттерін анықтау үшін құрылысын және құрал-жабдықтарын өңдеу; құйманы арнайы құю түрімен алу үшін жаңа технологиялар үрдісін енгізу және зерттеу.

 

 

 

 

 

 

2007ж. ҚарМТУ негізінде  инженер саласы бойынша «минералды шикізат ресурстар жинағын игеру» атты Лаборатория құрылды, ММ және Н кафедрасы ғылыми көріністе Лабораторияның екі бағыты бойынша қатысады: «Жаңа технологиялар және материалдар өндіру үшін фазалық айналым мен құрылым түзілісін зерттеу» және «Қалдықтарды пайдалану және минералды шикізаттарды қайтадан өңдеу технологиясы». Кафедра қызметкерлері мен студенттер Лабораторияда ғылыми зерттеу жүргізеді. Кафедра ұжымы қалыптандыруды қатайтудың жаңа әдістерін ойлап тапты: екіжақты инерттік, жоғары жылдамдықты сығымдау, импульсті қалыпқа келтіру (Требухин И.Ф., Егоров В.В., Евстифеев Ю.А., Исағұлов А.З., Шаяхметов Б.К., Күзембаев С.Б.).

Кафедрада қалыптандыруды импульсті қатайтудың бірлескен математикалық моделі құрылды, ПЭВМ-да жүзеге асырылды. Құю қалыптарын дайындау үрдісі, реология әдісі және тұтқыр-пластикалық сығылған жағдайы базасында, динамикалық күште қалыптанған қоспаның нығыздау теориясы  халықаралық мойындауға ие болды. Қалыптанған машиналардың параметрлік технологиясы және негізгі конструкциялық есептеу әдісі, осы ұстаным әрекетінің автоматтары  «Георг Фишер» (Швейцария) және «ВМД» (Германия) ұйымдарының автоматтандырылған қалыптасқан желісін тұтыну кезінде қолданылады. Алғаш рет импульстік әрекеттің автоматтық қалыптандырылған машиналары өңделді. Қалыптандырудың амалы мен конструкциясына 85 авторлық куәліктер және патенттер алынды.

Кафедраның екі профессоры Қазақстан Республикасының  энергетика және минералды ресурстар Министрлігінің сарапшысы болып табылады. Қазақстан Республикасының өндіріс кәсіпорындары мен ұйымдарынан металл және қорытпаның сапасына байланысты тапсырыстар түскенде орындау үшін, ААҚ «Сараптама және сертификаттау ұлттық орталығы», жекелеп айтқанда «Бұзылмайтын бақылау қызметі» сынақ орталығымен (Қарағанды филиалы) бірге жұмыс істейді.

Оқытушылардың зерттеулерінің нәтижесінде 1500-дей ғылыми мақала, КСРО, Ресей, Қазақстан, Германия, Швейцарияның және т.б.  220 авторлық куәліктері мен патентерін алды, 25 монографиялар,  20 оқулықтар шығарылды. Импульсті қалыптандырудың моделі халықаралық Индия, Алжир, Германия көрмелері мен жәрмеңкелеріне қойылды. Авторлар КСРО ВДНХ-ның 5 алтын, 8 күміс және 7 қола медальдармен  және Қазақстан ВДНХ-ның 1 дәрежелі 6 дипломымен марапатталды.
т.ғ.к., профессор Шарая О.А.  2007 ж., т.ғ.к., профессор Исин Д.К.  2008 ж., т.ғ.к., доцент Куликов В.Ю.  2009 ж. және проф. Тұрсұнбаева А.К.  2011 ж.  «ЖОО үздік оқытушысы» деген мемлекеттік грантқа ие болды.

2001 ж. (ВАК)  Қазақстан Республикасында  «Құю өндірісі»-051604 мамандығы бойынша күндізгі және сырттай оқу бөлімдерімен аспирантура ашылды. Кафедра «Металлургия», «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «Машинажасау» мамандықтары бойынша бакалаврлер және магистрлер дайындайды. 2008ж. бастап «Металлургия» мамандығы бойынша PhD докторантураға дайындық басталды..
Кафедра ММ және Н  2001ж. және осы уақытқа дейін ҚарМТУ арасында болатын сайыста «Үздік кафедра» болудан танған емес.

2010 ж. докторантура 6D070900-Металлургия мамандығына лицензия алды.

Кафедра  Наноматериалдар және нанотехнологиялар-5В074000 мамандығын ашуға, Материалтану және жаңа материалдар технологиясы-6D071000 мамандығы бойынша  докторантура, 5В070900  — Металлургия мамандығы бойынша дистанциялық технологиямен студенттерді оқытуға лицензия алуға, жұмыс, оқу жоспарларының келісуімен магистранттарды  барлық мамандықтарда екі дипломдық білім бойынша Санкт-Петербургтік мемлекеттік политехникалық университет, Бауман ат. Мәскеу мемлекеттік техникалық университет, Мәскеу мемлекеттік ашық университетімен келісімге келуге, халықаралық бағдарламаға Темпус IV Нанси (Франция) университетімен бірге қатысуды жоспарлауда.

23.10-нан 24.10.2013ж. аралығында 5В070900/6М070900 «Металлургия»,  5В071000/6М071000 «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының бакалавриаты мен магистратурасы  ASIIN агенттігінің халықаралық аккредитациясынан табысты өтті.

Без рубрики