Кафедра тарихы


«Физика» кафедрасы


Қарағанды мемлекеттік Техникалық университетінің физика кафедрасы 1954 жылдың қыркүйек айында құрылды. Кафедра ұжымының қызметі жаратылыс және ғылыми пәндер негіздерімен қамтамасыз етуге және студенттердің бойында ғылыми көзқарастарды қалыптастыруға бағытталған.

Ленинград политехникалық институтының 1949 жылы бітірген түлегі техника ғылымдардың кандидаты, доцент М.П. Тонконогов кафедраның алғашқы меңгерушісі болды.

Кафедра жұмыс істей жүріп, М.П. Тонконогов техникалық ғылымдардың докторы (1969ж.) дәрежесіне диссертация қорғады және 1970 жылы профессорлық ғылыми атағын алды.

Ленинград кен институтының 1962 жылы бітірген түлегі В.А. Векслер 1987 жылдан бастап кафедра меңгерушісі болып тағайындалды. В.А. Векслер 1990 жылы техника ғылымының докторы атағын, ал 1991 жылы профессорлық ғылыми атағын алды.
 Томск политехникалық институтының 1961 жылы бітірген түлегі Ю.И. Лехт 1992 жылдан бастап кафедраға басшылық етті. Ю.И. Лехт 1969 жылы техника ғылымының кандидаты, ал 1971 жылы доценттік ғылыми атағын алды.
 Қарағанды педагогикалық институтының 1959 жылы бітірген Ю.А. Риттер 1997 жылдан бастап кафедраға басшылық етті. Ю.А. Риттер техника ғылымының кандидаты атағын (1981ж.), профессор (1991ж.).
Қазақ мемлекеттік университетінің 1971 жылғы түлегі. Т.Ж. Қонақбаев 1998 жылы кафедра меңгерушісі болып тағайындалды. Т.Ж. Қонақбаев физика-математика ғылымының кандидаты (1984ж.), доцент (1991ж.)
Смирнов Ю.М.  2001 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін атқарды – Қарағанды политтехникалық институтының түлегі (1971 ж), техника ғылымының докторы (1997 ж), прфессор (1998 ж).

 

2020 жылдың шілде айынан бастап х.ғ.к. Турдыбеков Дастан Мухтарович басқарып келеді.

Кафедра ұйымдастырылған күннен бастап оның тұңғыш меңгерушісі профессор М.П. Тонконоговтың бастамасымен өзіндік ғылыми мектеп қалыптасты. Кафедрада диэлектриктер мен тау-кен жыныстарын ғылыми және қолданбалы зерттеу мамандары, оптика-электрондық өндіріс үшін суда еритін кристалдарды түзілтуді, автоматтандыру техникасын, физикалық процестерді зерттеуде электрлік және оптикалық әртүрлі жағдайдағы әсер етудің жетекші әдістері cияқты мамандандырулар құрылды.

Осы кафедраның ең бірінші кандидаттық диссертациясын 1967 жылы қорғаған сыртқы бөлімнің аспиранты Сулимов К.Г. Ал күндізгі бөлімнен бірінші кандидаттық диссертацияны 1968 жылы қорғаған осы кафедраның аспиранты Векслер В.А. Ал М.П. Тонконогов бірінші докторлық диссертациясын 1969 жылы қорғады.

1978 жылы кафедра қызметкерлері СССР-да алғашқы болып дыбыстық және радио жиілікте меншікті электр өткізгіштігі мардымды сұйықтардың релаксациясының диэлектрлік кемуі туралы жаңа әдісті мәлімдеді. Ең алғаш Векслер В.А. диэлектриктік релаксацияның кванттық механизмін ұсынып негіздеді. Зерттеу нәтижелері полярлық диэлектриктердің қолдануына арналған бірінші Еуропалық конференцияда (ЕСА, РД-1, Швейцария; Цюрих) электродтарда арналған V және VI симпозиумде) ГФР, Гейдельберг, Ұлыбритания, Оксфорд), мұздың физикалық және химиялық қасиеттері бойынша Халықаралық симпозиумде (PCI-91, Жапония, Саппоро) баяндалды және Ferroelectrics (АҚШ) журналында жарияланды.

2001 жылдан бері профессор Ю.М.Смирновтың басшылығымен тау-кен және құрылыс өндірісінің жер қабатына тербелістер жіберу арқылы зерттеудің геофизика және сейсмология әр түрлі технологиялық процесстерін іске асыру үшін төменгі жиілікті гидравликалық және электрогидравликалық импульсті жүйелерінің теориялық қолданбалы мәселелерін әзірлеу бойынша ғылыми мектеп аяғынан нық басып тұр. 2008 жылдан бері «Корпоративтік Университет» білім консорциумы мүшелері (ҚМК), ТОО «Машзавод» №1 и КФ АО «Азимут Энерджи Сервисез» кафедра серіктестері болып табылады. Нәтижесінде кафедра қызметкерлері мен зауыт қызметкерлерінің ғылыми белсенділігі айтарлықтай жанданды. Шаруашылық келісім-шарт жұмыстары қайта жанданды (2008ж.-1 млн. тг.), ҚМК директоры Б.М. Кенжин докторлық диссертациясын қорғады, кафедра меңгерушісі Ю. М. Смирнов Қарағанды машина жасау консорциумы директорының кеңесшісі және ғылыми-техникалық кеңестің төрағасы болып тағайындалды, зауытта «тау-кен өндіру өнеркәсібіне арналған техникалық физика» деген оқу-ғылыми-өнеркәсіптік зертхана ашылды.

Кафедра профессорлары Смирнов Ю.М., Кенжин Б.М. 2010 жылдың тамызында көмір мекемелерінде жерасты қауіпсіздігі саласындағы ірі жетістіктері үшін А.А.Скочинский атындағы сыйлықтардың иегерлері болды. Осы уақыттан бері жаңадан құрылған Қарағанды машинажасау консорциумымен серіктестігін ұйымдастырып нығайтуда.

Кафедра негізінде, мектеп, гимназия және лицейлерде оқытудың әдістемесін жетілдіріп, Қарағанды облысының жоғары оқу орындары арасында ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылып, табысты жұмыс атқаруда.

Арнайы әзірленген әдістемелердің іске асуынан дайындық факультетін бітірушілерінің 80%-ы Қазақстанның, Ресейдің, ТМД шет елдердегі жоғары оқу орындарында оқиды.

Кафедра жыл сайын физика пәні бойынша университеттік олимпиада өткізеді. Университеттің құрама командасының құрамындағы оның жеңімпаздары Республикалық студенттік олимпиадалардың бірнеше мәрте жүлдегерлері болды және Құрмет грамоталарымен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына бейім студенттер қашықтықтан оқыту технологиясын жасау; электрондық оқулықты әзірлеу, виртуалды зертханалық жұмыстарды қою кезінде кафедраның ғылыми-әдістемелік жұмысына тартылады. Студенттік зерттеулердің нәтижелері университеттің еңбектерінде үнемі жарияланады.

Ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша оқу үрдісін жетілдіру саласында кафедра 2003 жылы «Ресей техникалық жоо физика кафедрасы ассоциациясы»-ның бірінші шетелдік мүшесі болды. Бұл Ресейдің жетекші университеттерімен шығармашылық байланыстарымызды нығайтуға түрткі болды:

– Санкт-Петербург мемлекеттік педагогикалық университеті;

– Мәскеу техникалық мемлекеттік университеті (МАИ);

– Мәскеу мемлекеттік тау-кен университеті;

– Сібір мемлекеттік автомобиль –жол академиясы (СибАДИ) т.т Пенза, Орел.

Соңғы жылдары кафедра ұжымы жас мамандармен толықты. Үздік оқытушылардың тәжірибесіне және жастардың құлшынысына  сапалы біліміне, ғылыми –зерттеу жұмыстарына және кафедра ұжымының жүргізетін  тәрбие жұмыстарына серпін беруіне әсер етті.


Без рубрики