Кафедра меңгерушісі


«Геология және пайда қазбалар орынын барлау» кафедрасы

 

Исатаева Фарида Муратовна

доктор PhD, «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының  меңгерушісі

Исатаева Фарида Мұратовна 2002 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Құрылыстағы Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2015 жылы Қарағанды «Болашақ» университетінің магистратурасын бітірген.

2017 жылдың тамыз айында 6D070600 «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»мамандығы бойынша PhD докторантурасына түсті. 2020 жылғы 10 шілдеде «Құсмұрын кен орнын геологиялық-экономикалық бағалаудың теориялық және практикалық аспектілерін әзірлеу» тақырыбы бойынша диссертация қорғады, 2020 жылғы 08 Қазанда философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

2002 — 2019 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Инженерлік кәсіпкерлік және маркетинг» және «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедраларында әдіскер, ассистент, оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс істеді.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚарТУ «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының меңгеруші қызметінде.

2022 жылы – AP14872003 «Тау-кен металлургия кәсіпорындарын халықаралық трендтерге сәйкестігі және цифрлық реформалау контекстінде геологиялық-экономикалық бағалауды жетілдіру» 18 млн.теңгені гранттық қаржыландырумен ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті ҒЗЖ жетекшісі болды.

50-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің, оның ішінде 2 монография, 2 оқу құралы, 2 оқулық және авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 7 куәліктің, 6 мақаланың авторы Scopus және Clarivate Analytics базасына кіретін рейтингтік журналдарда жарияланған:

1.Рудько Г.И., Мятченко А.В., Портнов В.С., Исатаева Ф.М. Геолого–экономическая оценка запасов месторождений Казахстана, Россия, журнал «Устойчивое развитие горных территорий», Т.10, №4(38), 2018г., С.471-480 (Scopus 30%);

2.Rudko G.I., Portnov V.S., Issatayeva F.M. Technical and economic substantiation of developing Kusmuryn copper deposit, Украина, Naukovi Visnik Natsionalnoho Hirnychoho Universytetu, 2019, № 6, С.19-24 (Scopus 50%);

3.Aubakirova G., Rudko G., Issatayeva F.M. Assessment of metallurgical enterprises activities in Kazakhstan in the context of international trends, Economic Annals-XXI (2021),187(1-2), 121-130, DOI: https://doi.org/10.21003/ea.V187-12 (Scopus 55%);

4.Aubakirova G., Issatayeva F.M. New Approaches to the Construction of a Diversified Economy: the Experience of Kazakhstan, Studies on Russian Economic Developmentthis link is disabled, 2021, 32(6), С.712–718 (Scopus 36%);

5.Oliinyk, T.Yefimenko, S.Abdrakhmanova, Z.Kan, A.Issatayeva, F. Online ore monitoring using EDXRF method on process conveyor belts at Kazakhmys Corporation LLC operations, E3S Web of Conferences, 2020, 166, 02010

6.Аубакирова Г., Рудько Г., Выжва С., Портнов В., Исатаева Ф. Достижение устойчивости в странах с транзитной экономикой: новые возможности и перспективы. Украина, ВІСНИК Київського національного університету імені Тараса Шевченка, Геология. 4(95). 2021, С.80-89.

Без рубрики