Конкурстық комиссияның 2025 жылғы 17 желтоқсандағы №11 шешімі негізінде және «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры С.С. Сагинтаеваның бұйрығымен Металлургия және машина жасау факультеті «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасының меңгерушісі болып PhD докторы, қауымдастырылған профессор Мусаев Медгат Муратович тағайындалды.
Жаңа кафедра меңгерушісін ұжымға Saginov Technical University Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Нүсіпбеков Бекболат Рақышұлы таныстырды.
М.М. Мусаевты тағайындалуымен құттықтап, жаңа әрі жауапты лауазымдарында сәттілік тілейміз.




