Конкурстық комиссияның 2025 жылғы 17 желтоқсандағы №11 шешімі негізінде және «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры С.С. Сагинтаеваның бұйрығымен Металлургия және машина жасау факультеті «Шет тілдері» кафедрасының меңгерушісі болып педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Джантасова Дамира Дулатовна тағайындалды.
Жаңа кафедра меңгерушісін ұжымға Saginov Technical University Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Нүсіпбеков Бекболат Рақышұлы таныстырды.
Д.Д. Джантасованы тағайындалуымен құттықтап, жаңа әрі жауапты лауазымдарында сәттілік тілейміз.







