КӨРІСУ КҮНІ


14 наурызда Наурыз мейрамының бастауы болып саналатын «Көрісу күні» – «Амал мерекесі» тойланады. Көрісу – тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерге ізет көрсететін дәстүрлі көрініс. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, туған-туыс, дос-жаран бір-біріне амандық-саулық, құт-береке тілейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурыз мейрамдарының мазмұнын одан әрі байыту керектігін айтқан еді. Осы ретте, ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді жаңғыртудың маңызы өте зор.

Ежелгі дәстүрді жалғау мақсатында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті де осы мерекені атап өтті. Мерекелік іс-шарада арнау, ән, би, жыр орындалды. Қонақтарға викториналық сұрақтар қойылды. Мерекелік дастархан жайылып, бата-тілектер айтылды. Университет басшылығынан бастап, оқытушылар мен қызметкерлер бір-біріне құрмет көрсетіп, білім алушылар мен жастарға атаулы мейрамның жарқын мысалын дәріптеуді үлгі етті.

Көрісу күні құтты болсын!

Без рубрики